Президентке елорданың қала құрылысы жұмысы бойынша есеп берілді

14 Қараша, 2017 17:29
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысына елорданың сәулет және қала құрылысы саласында атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі нәтижелері туралы баяндалды.

Сонымен қатар, Елбасы бірқатар инфрақұрылым нысандарының, сонын ішінде әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандардың құрылыс жоспарларымен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаев Астананың инфрақұрылымын одан әрі дамыту және жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Соңында Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

Барлық жаңалықтар