- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның әскери делегациясы жұмыс сапарымен Үндістан Республикасына барды
Қазақстанның әскери делегациясы жұмыс сапарымен Үндістан Республикасына барды
14 Қараша, 2017 18:52
Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Талғат Мұхтаровтың жетекшілік етуімен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің делегациясы жұмыс сапарымен Үндістан Республикасының Нью-Дели қаласына барды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Сапар барысында Үндістанның Қорғаныс министрі Нирмала Ситараман ханыммен, Үндістан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал Бипин Рават және қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік хатшы Санджай Митрамен кездесулер өтті.
Кездесу аясында тараптар қазақстандық бітімгершілік ротаның БҰҰ миссиясында үнділер контингентінің құрамында қатысуы, сондай-ақ қорғаныс саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқыға салды. Үндістан Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштерінің басшылығымен кездесулер позитивтік және сенімді түрде өтті.
Сапар қорытындысы бойынша үнділік тарап қорғаныс саласында Қазақстанмен өзара іс-қимылды әрі қарай нығайта түсуге қызығушылығын білдірді.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда