- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада 50 электр қуаттау бекеті орнатылады
Астанада 50 электр қуаттау бекеті орнатылады
Елорданың мемлекеттік мекемелері алаңдарында, спорт кешендерінде, ойын-сауық орталықтары мен тұрын үй кешендеріндегі тұрақтарда 50 электр қуаттау бекеті орнатылады. Астанада орнатылатын 17 ЭҚБ ашық алаңда қойлады деп күтіліп отыр.
Сондай-ақ, электр көліктерді жабық ғимаратта қуаттайтын мүмкіндік қарастырылған. ЭҚБ алдын ала тізімі Астана қаласы әкімдігімен келісілген. Ол тізімнің ішінде Бейбітшілік және келісім сарайы, «Қазақстан» Орталық концерт залы, «Барыс-Арена» мұз айдыны, «Mega SilkWay» ОСО еніп отыр.
Қазіргі уақытта ӨКМ Операторы алғашқы 20 электр бекетін орнатуды қолға алды. Қалған ЭҚБ-нің электрмонтаждау жұмыстары кезең-кезеңмен жүргізілетін болады.
Алматы қаласы бойынша ЭҚБ орнатылатын жердің тізіміне Ғ.Мүсірепов атындағы балалар театры ауласы, Әйтеке-би мен Панфилов көшесінің қиылысы, Абай даңғылы 52, Сәтбаев 90 көшесіндегі тұрақта орнатылады. Оңтүстік астанада қойылатын 50 ЭҚБ орынын нақтылау Алматы қаласы әкімдігінің қарауында.
«Астана-Щучинск» тас жолының бойына 9 қуаттау бекетін орнату жоспарланып отыр. Айтап айтқанда: Шортанды ауылдық округі – жолдың екі жақ бетінде 2 ЭҚБ, Ақкөл ауданы – жолдың екі жақ бетінде 2 ЭҚБ, Макинка ауылы – жолдың екі жақ бетінде 2 ЭҚБ
Щучье қаласының орталығында 3 бірдей ЭҚС орнатылады.
Электр көліктеріне қажетті инфрақұрылымдарды жасаудың пилоттық жобасын ҚР энергетика Министрлігінің мақұлдаған. Аталған жоба аясында Астана мен Алматы қаласында (50 бекеттен) және «Астана-Щучье» (9 бекет) тас жолы бойында бас-аяғы 109 электр қуаттау бекеті орнатылатын болады.
Қазіргі таңда Астана мен Алматы қаласында 4 ЭҚБ орнатылды. Елордада ЭҚБ «Нұрсұлтан Назарбаев» атындағы Халықаралық әуежай аумағында, екіншісі «Нұрлы жол» теміржол вокзалы маңына қойылды. Алматыда электр қуаттау бекеті қала әкімдігі ауданында және Достық даңғылы бойына орнатылған.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 150-ге тарта электр көлігі қолданыста жүр. ӨКМ Операторының қолға алған пилоттық жобасының басты мақсаты – электр көліктеріне қажетті инфрақұрылымды дамытып, халықтың электр көлікке көшуіне мүмкіндік жасау.
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Электронды коммерция: өңірлік және ішкі дамуды ынталандыру -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
ҰБТ-2021: Электронды форматтың артықшылықтары мен мүмкіндіктері -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
БҒМ: Мектепке жұмысқа тұру тәртібі, тестілеуді электронды форматқа көшіру және дипломды цифрландыру