2013 жылы ШҚО-да құрылыс жұмыстарының көлемі 16%-ға өсті

14 Қаңтар, 2014 16:59
2013 жылы ШҚО-да құрылыс жұмыстарының көлемі 16%-ға өсті, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.

Жиында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы көрсетілді.

«Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаев айтқандай, 2012 жылмен салыстырғанда өңірдегі өнеркәсіптік өнім көлемі 4%, негізгі капитал бойынша инвестиция 13% артқан», - делінген хабарламада.

Хабарламада айтылғандай, 2013 жылы құрылыс жұмыстары көлемі 137 млрд теңгені құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 16% өсті.

Сонымен қатар, шағын кәсіпкерліктер 3% көбейді.

Әлеуметтік-экономикаық саланың негізгі міндеттемелердің бірі, әкімнің бірінші орынбасарының айтуынша, экономиканың жоспарлы өсімі  мен халықтың жұмыспен қамтылуы.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 3 жыл ішінде республикалық бюджеттен 27,9 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Нәтижесінде 37,2 мың адам жұмыспен қамтылып, жыл сайын 20 мың жұмыс орны ашылуда

Барлық жаңалықтар