- Басты
- Жаңалықтар
- 2017 жылғы қаңтар-қазандағы қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 105,4%-ды құрады
2017 жылғы қаңтар-қазандағы қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 105,4%-ды құрады
Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 60%-н аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
2017 жылғы қаңтар-қазанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 6547,6 млрд. теңгені құрды, бұл 2016 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 6,5% артық.
2017 жылғы қаңтар-қазанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 18153,7 млрд. теңгені құрды, бұл 2016 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 7,5% өсті. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 10,2%, өңдеу өнеркәсібінде – 5,2%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда – 4,8% артты. Сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда өндіріс көлемі 0,3% төмендеді.
2017 жылғы қаңтар-қазанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 3560,2 млрд. теңгені құрап, 2016 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 2,1% артты.2017 жылғы қаңтар-қазандағы «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 104,7%-ды құрды.2017 жылғы қаңтар-қазанда жүк айналымының көлемі 452,4 млрд. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2016 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 8% артты. Жолаушылар айналымының көлемі 224,4 млрд. жкм құрап, 3,4% артты.
2017 жылғы қаңтар-қазандағы «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 103,2%-ды құрды.
2017 жылғы қаңтар-қазандағы «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 103,2%-ды құрды.
2017 жылғы қаңтар-қазанда бөлшек сауда көлемі 7007,8 млрд. теңгені немесе 2016 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 106,3% құрады (салыстырмалы бағада).
2017 жылғы қаңтар-қазанда көтерме сауда көлемі 15288,4 млрд. теңгені немесе 2016 жылғы
тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 101,7% құрады (салыстырмалы бағада).
2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте сыртқы сауда айналымы 55421,8 млн. АҚШ долларын құрап, 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 25,7% артты, оның ішінде экспорт – 34460,7 млн. АҚШ долларын (31,4% көп), импорт – 20961,1 млн. АҚШ долларын құрады (17,2% көп).
2017 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 407906 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7,4% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 399060 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 253028 құрады, оның ішінде 244665 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан кем).
Тұтыну бағасының индексі 2017 жылғы қазанда 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 105,4% құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар – 4,5%, азық-түлік емес тауарларға – 7,5%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге – 4,6% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2017 жылғы қазанда 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 11,4% жоғарылады.
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды -
Аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау 2021 жылғы 1 қарашадан енгізілмек -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті -
ІІМ: Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс саны 30%-ға қысқарды -
Шетелден инвестиция тарту: 2020 жылғы жобалар, жаңа алгоритм және проблемалары -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
Экономикалық зерттеулер институтына - 60 жыл -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары