- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР АКМ халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін 2022 жылға дейін 83 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр
ҚР АКМ халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін 2022 жылға дейін 83 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр
Дәурен Абаев айтып өткендей, онлайн сатылымды дамыту мақсатында елде 2018-2019 жылдарға арналған электронды сауданы дамытудың Жол картасы әзірленді.
«Министрлік сауаттылық деңгейін 2022 жылға қарай 83 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, «Цифрлық Қазақстан» аясында жергілікті атқарушы органдарды оқытатын кәсіби кадрлар санын арттыру да қамтылған. Цифрлық білім бүгінгі күні барлық салада сұранысқа ие екенін ескеретін болсақ, халықтың осы бағыттағы білімін ұлғайту аса маңызды екені анық. Алайда, жүргізілген сауалнама қорытындысына сәйкес, биылғы жылы компьютерлік сауаттылыққа оқыту еліміздің тек 7 аймағында жүргізілген», - деді Д.Абаев.
Жалпы, 84 мың адам оқытылған. Жыл соңына дейін жоспарға сәйкес тағы 12 мың азамат білім алуы тиіс.
«Жергілікті атқарушы органдар адамдарды ескі бағдарлама бойынша оқытып жатыр. Сондықтан, мемлекеттік бағдарлама аясында жергілікті атқарушы органдар алдында адами капиталды дамыту бағыты бойынша халықты цифрлық білімнің базалық курсынан өткізу міндеті тұр», - деді министр.
«Министрлік өз кезегінде осыны іске асыру үшін бірыңғай әдістеме әзірлеуді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта бұйрық келісу үшін Әділет министрлігінде қаралып жатыр», - деп түйіндеді сөзін Дәурен Абаев.
Сондай-ақ, 2016 жылы елдегі интернетті қолданушылар саны 76 пайызға жетті.
«Жоғары жылдамдықты желі каналдарымен 1200 жергілікті пунктті қамтамасыз ету жоспарланған. Ол халықтың 82 пайыз үлесін 2022 жылға дейін интернетпен қамтиды», - деді Д.Абаев.
Айта кетейік, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты – тұрақты экономикалық өсімді арттыру, экономика мен ұлттың бәсекеге қабілеттігін артыру үшін цифрлық экожүйені дамытуға бағытталған.
Ақбота Күзекбай
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қанша пайызға қымбаттады -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді