• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШҚО-да 2013 жылы бизнесті қолдау аясында берілген шағын несие құны 6,6 млрд теңгені құрады

ШҚО-да 2013 жылы бизнесті қолдау аясында берілген шағын несие құны 6,6 млрд теңгені құрады

14 Қаңтар, 2014 15:36
Өңірдегі шағын несие құны 6,6 млрд-ты құрады, ол бизнесті қолдау аясында жүзеге асты, деп ШҚО ақпараттық орталығы хабарлады.

«Бизнестің дамуын қолдау үшін аймақтарда пайыздық субсидиялау жүзеге асады. Гранттар мен шағын несиелер бөлінеді. Өткен жылда берілген шағын несие құны 6,6 млрд теңгені құрады. 9 жоба бойынша бөлінген мемлекеттік грант 30 млн теңгеге бағаланды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 2013 жылдың қорытындысы бойынша  аймақ басшысы Б. Сапарбаев грантты дайындау жұмысын жеделдетуді тапсырды. Қорытынды есептер мен ақпаратқа сүйенсек, Өскемен, Семей, Риддер қалалары басымдылықты алып отыр.

 

 

Барлық жаңалықтар