- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Айтуғанов: Мерзімі өткен тракторларды пайдалану жөндеу мен жанар-жағармай шығынын 20%-ға өсіреді
Қ.Айтуғанов: Мерзімі өткен тракторларды пайдалану жөндеу мен жанар-жағармай шығынын 20%-ға өсіреді
Ауыл шаруашылығы техникасының паркіне жүргізілген талдау техникаларды қолдану мерзімінің 17 жылдан асып кеткенін көрсетіп отыр.
«Көптеген техникалардың жарамдылық мерзімі өтіп кеткен. Бұл ретте аталған тракторларды жөндеу мен жанар-жағармай шығыны 20%-ға өсіп, және ең бастысы жалпы жиналымның шамамен 14% немесе шамамен 200 млрд. теңгені жоғалтуға әкеліп соқтырады», - деді ол.
Оның айтуынша, еліміздегі 20 отандық ауыл шаруашылығы техника өндірушісінің жүктемесі 30 пайыздан аспайды.
«Ал, импорт үлесі өндірістен екі есеге артық. Егер қуатты тракторлар мен комбайндар өндірісін дамыту уақытты қажет етсе, шағын механика, яғни жер өңдеу және жем дайындау техникасы бойынша жағдайды өзгерте аламыз. Олардың ғана импорты жылына 60 млн долларды құрайды», - деді Айтуғанов.
Қайрат Айтуғановтың айтуынша, карта аясында отандық техникаға ставкасы 5 пайыздан аспайтын жеңілдікпен несие беру бағдарламасын енгізу қарастырылған.
«Жалпы алғанда, 2021 жылға дейін жеңілдікпен несие беруге 217 млрд теңге қажет болады. Қаржының қайтарылуы есебінен ауыл шаруашылығы техникасы паркінің жаңартылуының оңтайлы деңгейін қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз», - деді ол.
Жалпы, Қ.Айтуғанов айтып өткендей, ауыл шаруашылығы кооперациясының картасы жүзеге асырылуда.
«Импорт үлесінің жоғарылығын, жүктелмеген қуаттылықты және шикізаттық әлеуетті ескере отырып 435 кәсіпорынға қатысты қайта өңдеудің 9 басым түрі айқындалды. Бұл – сүтті, етті, теріні және жүнді, майлы және дәнді дақылдарды, жеміс және көкөністі, қант қызылшасын және картопты қайта өңдеу, олар бойынша Аграрлық қайта өңдеу кәсіпорындарын орналастыру сызбасы, оның ішінде әр облыс бойынша, аудандар бөлінісінде әзірленді», - деді ол.
Аграрлық қайта өңдеу Картасына сәйкес 79 жаңа зауыт салу және 80 зауытты жаңғырту қажет. Бұл қайта өңделетін өнімдердің жалпы өндірісін 1,9-дан 3 трлн. теңгеге дейін ұлғайтуға және 7 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Ақбота Күзекбай
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді