- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да 13,8 мың гектар суармалы жер айналымға қосылады
ОҚО-да 13,8 мың гектар суармалы жер айналымға қосылады
«Күзгі жиын терім жұмыстарының аяқталуы және ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2017 жылға белгіленген индикаторларға қол жеткізу туралы» облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков баяндама жасады.
Оның айтуынша, биыл өңірде егістік көлемі 29 мың 300 гектарға артқанымен, жалпы дәнді дақылдар бойынша өнім алу 1 гектардан 24,3 центнерден 22,8 центнерге кеміген. Сондай-ақ, биыл мақта алқабының да көлемі 25 мың гектарға артық егілгенімен, өткен жылдан әр гектардан өнім алу 2,6 центнерге азайған. Мамандар мұның себебін егістік көлемінің артып, зиянкестердің көбейіп кетуімен байланыстырады.
«Биыл мақтадан бөлек, масақты дақылдардың түсімі мен алынған өнімі былтырғы жылмен салыстырған азайғанын байқап отырмыз. Мысалы, 2016 жылы әр гектардан 20,2 центнер масақты дәнді дақылдары алынған болса, биыл әр гектардан 18,3 центнер өнім алынды. Мақтарал, Созақ аудандары және Түркістан, Кентау қалаларынан басқа барлық аудандарда өнім алу көрсеткіштері азайып отыр», - деді Серік Ордабекұлы.
Биыл оңтүстік көкөніс пен бақша өнімдері өндіруде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген. Жаңа бағыт ретінде жаңғақ пен бадамша егу жұмыстары да қарқын алып келеді. Алдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 7 мың гектарға артып, 825 мың гектарға орналастырылады деген болжам бар. Оның ішінде интенсивті баулар 804 гектарға, жаңғақ шаруашылығы қосымша 500 гектарға егіледі деп жоспарлануда. Алдағы жоспарларды бүгіннен бастап пысықтауды ескерткен өңір басшысы егістік көлемін арттырып қана қоймай, өнім сапасы мен көлемін ұлғайтуға да мән беруді тапсырды.
«Алдағы көктемгі егін егу жұмыстарына кіріспес бұрын аудан, қала әкімдері, салаға жауапты мамандар тиімділігі мол дақылдарды егу жұмыстарына сараптама жасауы тиіс. Бұл әрекет ауыл шаруашылығындағы егістік жер мен ағын суды мейлінше үнемдеуге мүмкіндік береді. Мақта саласына да жаңа технологияларды ендіру мәселесіне ден қоюды тапсырамын», - деді Жансейіт Қансейітұлы.
Алдағы жылы облыста 220 гектарға жылыжайлар салынып, жалпы көлемі 1514 гектарға жеткізілмек. Сондай-ақ, 13,8 мың гектар суармалы жер жаңадан айналымға қосылатын болады. Ал, тамшылатып сурару әдісі 8,1 мың гектарға енгізіліп, жалпы көлемі 66, 6 мың гектарға ұлғаймақ.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр