- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР АКМ «100 жаңа есім» жобасы бойынша іс-шаралар жоспарын жасақтауда
ҚР АКМ «100 жаңа есім» жобасы бойынша іс-шаралар жоспарын жасақтауда
«Қымбатты достар! «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының алғашқы кезеңі аяқталды. El.kz порталында жалпыхалықтық онлайн-дауыс беру арқылы жобаның іріктеу кезеңінен өткен 102 жеңімпаз анықталды. Осы орайда, әділдік үшін дауыс саны бойынша алғашқы жүздіктен сәл ғана төмен тұрған екі үміткерді де тізімге қосуды жөн санадық», - деді министр.
Сонымен, оның айтуынша, 340 мыңнан астам қазақстандық өздері таңдаған тұлғаларға 1 миллион 376 мың дауыс берді. Осының өзі жобаның қоғам үшін маңызды болғанын көрсетеді.
«Ендігі жерде үлкен жұмыстар басталмақ. Қазіргі уақытта Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп, іс-шаралар жоспарын әзірлеуде.
Осы орайда жобаға атсалысқан барша жұртшылыққа - еліміздің жаңа есімдері туралы жан-жақты ақпарат берген журналистерге, бізге қолдау көрсеткен волонтерлер мен қоғамдық ұйым мүшелеріне алғыс білдіремін.
Өтінімдерді жинау барысында елімізде мақтан етуге де, өскелең ұрпаққа үлгі етуге де лайықты мыңдаған бірегей жандардың бар екеніне куә болдық. Осынау жаңа есімдер арқылы тұтас Тәуелсіз Еліміздің табыс тарихының жаңа парақтары ашылмақ», - деп түйіндеген Д. Абаев.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы