- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда 2022 жылға дейін инвестиция тартудың Стратегиясы жасалды
Алматыда 2022 жылға дейін инвестиция тартудың Стратегиясы жасалды

Жиын барысында 2022 жылға дейін инвестиция тарту Стратегиясының жобасы талқыланды. Құжат Ұлттық инвестициялық стратегия мен «Алматы-2020» даму Бағдарламасына сай жасалған.
Инвестиция тарту саласындағы атқарылған бірқатар жұмыстарды қорытындылай келіп, қала әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев биылғы жылдың 9 айы ішінде инвестицияның 13%-ға өсіп, 400 млрд. теңгені құрағанын, сыртқы инвестицияның 23,5%-ға артқанын, жеке инвестициялар үлесінің 78%-ға жетіп, 17%-ға ұлғайғанын айтты.
«Бизнесті дамытудың басты шарты - тұрақты инфрақұрылымды қалыптастыру. Осы орайда Алматыда Индустриалды аймақ жұмыс істейді, мұнда өңдеуші өндіріс орындары жеңілдетілген дайын инфрақұрылымдарды пайдалана алады. Жоғары технологиялы компаниялар үшін «Инновациялық технология паркінің арнайы экономикалық аймғаы бар, мұнда резиденттерге кедендік және салықтық жеңілдіктер беріледі. Алматыда ШОБ-ке жеңілдетілген несие беру бағдарламасы бойынша мыңдаған жобалар қолдау табуда. Индустриаландыру Картасына 12 мың жұмыс орнын ашатын 100 жоба енген. Сонымен қатар қаланың инвестициялық тартымдылығын жақсартатын стратегия да жасалды», - деп атап өтті А.Мәдиев.
Жүргізілген зерттеудің нәтижесі бойынша үш салаға инвестиция тарту тартымды екені анықталды, олар - туризм, сауда, тамақ өнеркәсібі. Инвестиция мәселесін шешуде нарық ауқымы, жұмыс күші, қауіпсіздік пен ашықтық басты факторлар болып табылады.
Инвестиция тартудың Стратегиясы төрт бағытты қамтиды, олар: «Институционалды ортаның сапасын арттыру», «Бизнес- инфрақұрылымның сапасын арттыру», «Имидждік жылжу және ақпараттық қолдау» және «Активті жобалы таргеттеу жолымен негізгі салаларға инвестиция тарту».
«Алматы қаласында жақсы инвестициялық ахуалды қалыптастыру және инвесторлармен, бизнесмендермен ашық әрі жақсы қарым- қатынас орнату- барынша маңызды. Олардың әрқайсысы өздерінің штаб- пәтерлерінің елшісі ретінде әлемдегі серіктестері туралы жинақтаған тәжірибелерін ортаға салады. Біз кез- келген бастамаға қолдау көрсетеміз, ұтымды шешімдер қабылдау үшін түрлі кездесулерді, диалогты құптаймыз», - деді Қазақстанның Европалық Бизнес Ассоциациясының атқарушы директоры Юлия Кусиди.
Жиын қорытыныдысы бойынша Кеңес мүшелері айтқан ұсыныстар мен, толықтырулар енгізілген Алматыға 2020 жылға дейін инвестиция тартудың Стратегиясы бекітілді.
Еске салсақ, Кеңсетің құрамына Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықаралық қаржы ұйымдарының, шетелдік компаниялар ассоциацияларының, консалтингтік және заң компанияларының өкілдері, ірі шетелдік және қазақстандық кәсіпкерлер енген. Олардың қатарында Каспий өңірі бойынша «Deloitte» компаниясының басқарушы серкітесі Марк Смит, Қазақатандағы Азия Даму банкі өкілдігінің директоры Джованни Капаннелли, «Astana Group» холдингінің директоры Нұрлан Смағұлов және басқалары бар.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері
-
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары
-
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері
-
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі
-
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары
-
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде
-
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда
-
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды
-
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды
-
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр
-
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек
-
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді

