- Басты
- Жаңалықтар
- Талдықорғанда қайта жаңғыртылған орталық саябақ іске қосылды
Талдықорғанда қайта жаңғыртылған орталық саябақ іске қосылды
Қонақтар саябақтың абаттандырылуымен, әткеншектердің жұмысымен танысты. Мұрат Мұтырғановтың цирк мектебінің өнерпаздары түрлі қызықты қойылымдарын ұсынды. Облыс әкімімен бірге ақсақалдар, спортшылар мен балалар саябақ ішінде жас көшеттер отырғызды. Жалпы осы күні саябақ Польшадан әкелінген 50 түп қайың көшеттерімен толықты. Балалар демалыс бағындағы 40 орындық жүрдек пойызға отырып, түрлі аттракциондарда ойнады.
Жалпы, орталық саябақ толыққанды жөндеуден өтті. Демалыс орнының оңтүстік бөлігінің жаңғыртылуы 2017 жылдың наурызынан қолға алынды. Нысанның жалпы сметалық құны 345,9 млн. теңге. Құрылыс жұмыстарын бас мердігер ретінде «Достық Астана НС» ЖШС жүргізген.
Сыртқы жарықтандырылуы, жаяу жүргінші жолы, гүлзарлар мен газондар жасалып, түрлі ағаштар отырғызылған. Шағын архитектуралық формалар, мүсіндер, орындықтар, балалар әткеншектері, қоршаулар, жәшіктер орнатылды. Су және арық жүйелері жасалды. Сол сияқты негізгі кіре беріс пен автокөліктерге арналған орын жасалды.
-
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Спорттық секция мен шығармашылық үйірме: Кімдер қатысады, қалай өтінім береді және олардың жұмысы қалай іске асады