Н.Назарбаев әлемдегі әскери шығындардың көбеюі туралы айтып берді

13 Қараша, 2017 16:25
Астана клубының үшінші отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қарулану саласындағы жарыстар мен әскери шығынның артқаны туралы айтып берді.

«Қолданыстағы халықаралық аймақтық қауіпсіздік жүйесі даму жылдамдығына жауап бермейді. Әлемдік экономика мен технологиялық кеңістікте бөліну қаупі айқын көрініп тұр. Ірі  экономикалық орталықтар айналасында жаңа әлемдік сауда тәртібінің қалыптасып  жатқанын көруге болады», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, бұл Дүниежүзілік сауда ұйымының ролін төмендетіп, қолданушылықты арттыруы мүмкін.
 
Н. Назарбаев хабарлағандай, халықаралық сауда мен әділ бәсекелестікке саяси қысым желеуімен экономикалық мүддені көздейтін санкциялық соғыстар қауіп төндіруде. 

Барлық жаңалықтар