- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Қазақстан адамзаттың барлық өзекті мәселелері бойынша халықаралық диалог алаңына айналды (ТОЛЫҚ ВИДЕО)
Н.Назарбаев: Қазақстан адамзаттың барлық өзекті мәселелері бойынша халықаралық диалог алаңына айналды (ТОЛЫҚ ВИДЕО)
Өз сөзінде Президент «Астана Клубы» қазіргі заманның өзекті мәселелеріне жауап іздеудің тиімді алаңы екенін айтты.
«Қазақстан сенімділікпен өз тәуелсіздігінің екінші ширек ғасырына қадам басты. Біздегі сыртқы саясаттың ұстанымдары белгілі, сондықтан жоғары дайындығы бар осындай аудиторияның алдында тыңғылықты таныстыруды қажет етпейді. Бүгінде Қазақстан адамзаттың барлық өзекті мәселелері бойынша халықаралық диалог алаңы болып отыр. Бұған қазіргі кезде көрнекті дәлел ретінде биыл жазда өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін еске салған жөн. Оған 115 ел мен 22 халықаралық ұйым қатысты, көрмеге 4 миллионнан астам келді. Біз соңғы кезде әлем керек болып тұрған қажеттіліктерді енгізуге тырысудамыз. Яғни жаһандық мақсаттарды шешу үшін бірігуді, ауызбіршілікті, толеранттылықты алға тартудамыз», - деді Елбасы.
Сондай-ақ, Елбасы Н.Назарбаев қазақстандық дипломатияға диалог, келісім және өзара тиімді әріптестік философиясы тән екенін айтып өтті.
«Осы тұрғыдағы қадамдар Сириядағы жағдайды реттеуді, ядролық қаруға қарсы бастамаларды, мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы диалогқа қосқан үлесті, әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша күн тәртібін әзірлеуді қамтып отыр. Бүгінде Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі. Қауіпсіздік Кеңесі отырыстарына қатысу халықаралық қатынастар жүйесінде болып жатқан қозғалыстарды айқынырақ көруге мүмкіндік берді», - деді Президент.
Сонымен қатар, Елбасы саяси репрессиялар мен кедейлік, білім берудің төмен деңгейі, денсаулық сақтау мен елдер дамуы деңгейінің өзгеруі халықаралық терроризм мен экстремизмнің тірішілік ортасы болып отыр.
Айта кетейік, елордадағы Назарбаев Орталығында Астана клубының үшінші отырысы жұмысын бастады. Халықаралық пікірталас алаңына 27 елден 60-тан астам қатысушы келген.
Ақбота Күзекбай
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді