- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан, Ресей және БАӘ ғарыш саласындағы бірлескен жобаларды қарауда
Қазақстан, Ресей және БАӘ ғарыш саласындағы бірлескен жобаларды қарауда
Тараптар келіссөздер барысында ғарыш саласында инновациялық жоғары технологиялық әзірлемелерді қолдана отырып, бірлескен инвестициялық жобаларды дамыту мүмкіндігін талқылады. Әмірлік тарапы «Байқоңыр» ғарыш айлағының қазіргі жағдайымен және оны одан әрі дамыту келешегімен танысты.
Кездесу барысында шейх Мансұр БАӘ-нің Қазақстан мен Ресейдің бірлескен «Бәйтерек» жобасына қатысу мүмкіндігін қарауға қызығушылығын білдірді. Болашақта ғарыш саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға стратегиялық бағдарлама жасап, тараптардың қызметін үйлестіріп отыру мақсатында үшжақты жұмыс тобын құру туралы келісімге қол жеткізілді.
Айта кетейік, «Dubai Air Show – 2017» Халықаралық әуеғарыш көрмесі азаматтық және әскери әуе өнеркәсібінің жетекші әлемдік шарасы саналады. Ол үнемі әлемнің түрлі елдерінің үкіметтік орталарының, жоғары дәрежедегі әскерилер мен бизнесмендердің назарын аудартатын көрме. Мұнда көрме қатысушылары жауапты тұлғалармен және сарапшылармен жақын араласа алады.
Dubai Air Show — екі жылда бір рет өткізілетін әлемдегі ең ірі аэрошоулардың бірі. «Dubai World Central Aerotropolis»-тің көрме ауданы 645 000 м2 құрайды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді