- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада қоғамдық кеңестердің 1-ші республикалық Мәжілісі өтуде
Астанада қоғамдық кеңестердің 1-ші республикалық Мәжілісі өтуде
Аталған шараның мақсаты - қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, және осы бағытта оң тәжірибелермен алмасу сондай-ақ, қоғамдық кеңестер мен мемлекеттік органдардың арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың тетіктері мен бағыттарын анықтау болып табылады.
Іс-шара аясында «Қоғамдық кеңестер: іс-тәжірибе және мемлекет пен қоғамның өзара әрекеттесу тетіктері» тақырыбында пленарлық отырыс өтті. Оның жұмысына ҚР Парламенті Сенатының төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты өкілі Мунхтуи Алтангерел қатысты.
2016 жылы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы диалогтың нысаны ретінде Қоғамдық кеңестер құрылды. Бұл мемлекеттік емес ұйымдар үкіметтік шешімдерді қабылдаудың ашықтығын арттыруға арналған консультативтік, консультациялық, бақылаушы органдар болып табылады.
Қазақстанда республикалық және жергілікті деңгейде 229 қоғамдық кеңес өз қызметін жүзеге асыруда (Олардың 16-ы республикалық деңгейде, 213-і өңірлік деңгейде жұмыс істейді). Еліміз бойынша Қоғамдық кеңестердің құрамына 4 055 адам мүше, оның 818-і үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері.
Қоғамдық Кеңестер құрылғалы бері жалпы саны 213 облыс, қала және аудан әкімдерінің, 16 орталық және 1300-ден аса жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептері тыңдалды. Қоғамдық кеңестерде 600-ден астам өзекті мәселелер қоғамдық тыңдаулардан өтті. Сондай-ақ, 9 мыңнан астам нормативті-актілер жобаларына ұсыныстар енгізілді.
«Кеңестердің қызметі есеп беретін және ашық мемлекет қалыптастыру үдерісіне оң әсерін тигізді және мыңдаған белсенді азаматтарға елдің қоғамдық өміріне белсенді қатысуға мүмкіндік берді», - деп атап өтті Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н. Ермекбаев.
Қоғамдық кеңестердің мәжілісі барысында қоғамдық кеңестердің қазіргі уақыттағы мәртебесін көтеру, мәслихаттардың қызметіне ұқсас қоғамдық кеңестердің функцияларын жою үшін кеңестің өкілеттіктерін өзгерту, Кеңестер жұмысында мемлекеттік органдар мүшелерінің өкілдік деңгейін төмендету сияқты бірқатар өзекті мәселелер көтерілді.
Қоғамдық кеңестердің республикалық мәжілісі аталған кеңес жұмысын жетілдіру мақсатында халықпен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара іс-қимылын нығайту, жұмыс тиімділігін дамыту, оңтайлы тәжірибелерді талқылау тақырыптарында панельдік пікірталастар мен семинарлар өткізілді.
Іс-шараға қоғамдық кеңестердің, сарапшылар қауымдастығының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың және халықаралық ұйымдардың басшылары, жалпы саны 500 делегат қатысты.
Айта кеткен жөн қоғамдық кеңестер мәжілісінің қорытындысы бойынша қатысушылардың нақты шешімдері мен ұсыныстары негізінде арнайы қарар қабылданатын болады.
-
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
COVID-19: Германия екпе алмағандарға шектеу шарасын енгізбек, ал Италия қоғамдық орындардағы шараларды күшейтпек -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті -
Ұлттық компанияларда қоғамдық кеңестер құрылды -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы -
19 мыңнан аса елордалық вакцина алды -
Наурыз мерекесі күндері елорданың қоғамдық көліктері тоқтай ма -
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі: Мемлекет басшысы көтерген өзекті мәселелер мен жаңа ұсыныстар -
Елордада «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелерімен кездесуі өтті -
Сенат: Заң жобаларын қоғамдық талқылау тәсілдері кеңейтілмек