- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда интерконнект ставкасы кезекті рет төмендетілді - ККМ
Қазақстанда интерконнект ставкасы кезекті рет төмендетілді - ККМ
Интерконнект ставкасын төмендету нәтижесінде ұялы байланыс қызметтері нарығында бәсекелестік дамиды және әртүрлі ұялы байланыс операторларының абоненттері арасындағы сөйлесудің түпкі тарифтері арзандайды деп күтілуде.
Айта кетейік, интерконнект – операторлар арасындағы желіаралық байланыс. Интерконнект ставкасы бір оператордың басқа операторға өз абонентінің желіден тыс қоңырау шалғанда сөйлесудің әрбір минуты үшін төлейтін соманы анықтайды.
2010 жылдың сәуірінде Байланыс және ақпараттандыру комитеті ұялы байланыс операторларына өздерінің тарифтік саясатын қайта қарастыруға ұсыныс жасағанын және де Операторлар Кеңесінде 1999 жылдан бері өзгеріске жатпаған интерконнект ставкасын қайта қарастыруға шешім қабылданғанын еске салған жөн.
Нәтижесінде 2010-2012 жылдар аралығында ұялы байланыс операторларымен келісім бойынша интерконнект ставкасы 19,98 теңгеден 15,3 теңгеге дейін (ҚҚС-сыз) төмендетілген.
Сонымен қатар, 2012 жылдың желтоқсанында ұялы байланыс операторлары үш жыл ішінде жыл сайын 15%-ға интерконнект ставкасын төмендету жөніндегі Меморандумға қол қойған.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша