- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда «Нұрсұлтан Назарбаев: Дәуір, Тұлға, Қоғам» атты көрме ашылды
Алматыда «Нұрсұлтан Назарбаев: Дәуір, Тұлға, Қоғам» атты көрме ашылды
«Алматыда Тұңғыш Президент күні қарсаңында аса маңызды мұндай шараны өткізу қала тұрғындары үшін үлкен құрмет. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы, оның орасан жетістіктері Нұрсұлтан Әбішұлының атымен тығыз байланысты. Қазақстанның Тұңғыш Президенті - біздің заманауи мемлекетіміздің іргесінтасын қалаушы. Елбасының басшылығымен жүріп жатқан ауқымды экономикалық, саяси, және рухани жаңғыру Қазақстаннның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуін қамтамасыз етеді. Елбасының тұрақты қолдауы арқасында Алматы ел экономикасының бестен бір бөлігін беретін Орта Азиядағы ірі мегаполис ретінде даму үстінде. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұлға ретінде құбылысы, яғни феномені зор тарихи шешімдерді қабылдауынан көрінеді, олар: Тәуелсіздікті жариялау, Конституцияны қабылдау, астананы көшіру және көптеген басқалары», - деп атап өтті Алматы әкімі Бауыржан Байбек.
Орталық мемлекеттік мұражайда Мемлекет басшысының жеке архивінің, жеке кітапханасының және музейінің материалдары мен түрлі жәдігерлері қойылған. Көрме барысында экскурсиялар,конференциялар, шеберлік сыныптары, семинарлар мен концерттер өтеді.
«Бұл көрмеге барынша құнды экспонаттар мен өнер туындылары, Тәуелсідік жылдары Президентіміз қол қойған маңызды құжаттардың түпнұсқасы, Тәуелсіздіктің тарихи кезеңдерін қамтыған фотоматериалдар қойылған. Сонымен қатар, Президентімізді ұлықтаған 50 шетелдік мемлекеттің жоғары марапттарын көруге болады. Қолтаңба қойылған бағалы әрі сирек кездесетін кітаптар да осында. Біз көрмені 2018 жылдың 15 қаңтарына дейін ұзартуды қарастырудамыз, оған кемдегенде 50 мың алматылық келеді деген үміттеміз»,- деп атап өтті Президенттің жеке кітапханасы директорының міндетін атқарушы, Президент Кеңсесінің бастығы Махмұд Қасымбеков.
Көрме 4 бөлімнен тұрады:«Көшбасшы жолы» бөлімі ҚР Президентінің өмірбаянын,«Көшбасшы феномені» бөлімі мемлекеттің құрылыстың қалыптасу және даму концепциясын, «Президент наградалары – халық құрметі» бөлімі жоғары мемлекеттік наградаларды, «Әлем таныған көшбасшы» - ҚР сыртқы саясатын қамтиды.
Айта кетерлігі, көрме 2018 жылдың 14 қаңтарына дейін жалғасады.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда