- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда «Ұлы Жібек Жолы бойынша саяхат» фестивалі өтуде
Қазақстанда «Ұлы Жібек Жолы бойынша саяхат» фестивалі өтуде
Мәдениет және спорт министрлігі хабарлағандай, фестиваль ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Алматы, Алматы облысы және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдіктерінің, сондай-ақ Air Astana әуекомпаниясының, Қазжол мейрамханасының, Skyway және Explore Central Asia туристік операторларының қолдауымен өтуде.
Фестиваль аясында барлық қатысушылар Алматы қаласының туристік нысандарын аралап, халық қолөнер шеберлерінің шеберлік сыныптарына қатысып, ҚХР туристік операторларымен В2В кездесулерін өткізе алады.
2017 жылдың 11 қарашасында Алматы Халықаралық Фестиваль эстафетасын Тараз қаласына береді. Таразда екі елдің ресми өкілдерінің қатысуымен ресми форум өтеді. 15 қараша күні «Қазақстанның Ұлы Жібек Жолы бойынша саяхат» халықаралық фестиваль қонақтары мен қатысушыларын Шымкент қаласы қарсы алады.
Қазақстандағы Қытайдың туризм жылының салтанатты жабылу рәсімі 2017 жылдың 17 қараша күні Астанадағы «Бейбітшілік және Келісім» сарайында өтеді. Іс-шараға екі елдің мыңнан аса ресми өкілдері мен бизнес өкілдері қатысады. Жабылу салтанатында Қытай тарапы қытайлық классикалық өнердің үлгісі «Жібек жолы гүлмен көмкерілген» балетін ұсынады. Қойылым қытайлық, парсылық, үнділік және түрік стильдері қосылған Ганьсу провинциясындағы ескерткіштерде бейнеленген тарихи сәттерге негізделген.
Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев және ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестікті дамыту туралы ортақ декларацияяда 2017 жылды Қазақстандағы Қытайдың туризм жылы деп жариялаған болатын.
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша