- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбелік азамат Есет батырдың 350 жылдығына орай ескерткіш орнатты
Ақтөбелік азамат Есет батырдың 350 жылдығына орай ескерткіш орнатты
Мерекенің дәл осы жерде өткізілуінің үлкен мәні бар, себебі - бұл ауылда қазақтың ұлы қолбасшысы мәңгілік байыз тапқан. Мұнда киіз үйлерден құралған үлкен ауыл бой көтеріп, қазақ күресі, аламан бәйге, жорға жарыс секілді ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, ақындар айтысы өткізілді.
Салтанатты шараның басты оқиғасы - Есет батырдың ат үстіндегі мүсіні ескерткішінің ашылуы болды. Шыны-пластиктен жасалған ескерткіштің биіктігі - 11,5 метр, салмағы - 1,5 тонна. Жергілікті кәсіпкер Нұрлан Сағналин ескерткішті орналастыру және аумақты көріктендіру үшін «Tуған жерге тағзым» акциясы аясында 32 миллион теңге бөлді.
«Қазақ халқында «Өткенсіз бүгін жоқ» деген мақал бар. Сондықтан біз мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының бағдарламасына сәйкес тарихымызды, рухани құндылықтарымызды жаңғыртудамыз. Басты мақсат -жас ұрпақты халыққа деген сүйіспеншілікке, өз елінің патриоты болуға, туған жерін құрметтеуге және қорғауға үйрету. Бұл ескерткіштің ашылуы - жастарға үлкен үлгі, өнеге», - деді облыс әкімі.
Сондай ақ, салтанатты шара барысында ауылдық дәрігерлік амбулоторияның ашылу рәсімі өтті. Медициналық мекеме мемлекеттік-жеке меншік серіктестік шеңберінде жүзеге асырылған тағы бір әлеуметтік маңызды жоба саналады. Дәрігерлік амбулатория қажетті медициналық құралдармен толық жабдықталған, стоматологиялық және физиотерапия кабинеттері бар. 73 миллион теңгеге салынған мекеме тәулігіне 80 адамды қабылдай алады.
Есет батыр Көкіұлы – қазақтың қол бастаған белгілі батыры, тархан – жоғары әскери-рулық ақсүйек өкілі. Ол жарты ғасырдан астам уақыт бойы жоңғарлар мен Еділ қалмақтарына қарсы күрескен, Әбілқайыр ханның үзеңгілес серігі болған. Есет батыр кесенесіне ақтөбелік тұрғындармен қатар Қазақстанның басқа өңірлерінен келген жұрт та тәу етпей кетпейді.
-
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
А.Цой: Коронавирус жұқтырғандардың 99,9%-ы вакцина алмаған азаматтар -
Қазақстанда 7 млн-нан астам азамат вакцина алды -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
М.Әбенов: Жер тек жұмыс істеймін деген азаматқа ғана жалға берілу керек -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты