• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2014 жылдың соңына дейін Қазақстанда 7 үй құрылысы комбинаты енгізіледі – А. Рау

2014 жылдың соңына дейін Қазақстанда 7 үй құрылысы комбинаты енгізіледі – А. Рау

14 Қаңтар, 2014 12:40
Қазақстанда 2014 жылдың соңына дейін 7 үй құрылысы комбинатын қолданысқа енгізу қарастырылып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бірінші орынбасары Альберт Рау хабарлады.

« Ағымдағы жылы 7 жобаны жүзеге асыру жоспарланған, оның 5-уі бірінші жартысында жүзеге асырылса, 2-уі екінші жартысында орындалмақ», - деді А. Рау.

Оның айтуынша, 2013 жылы қолданысқа 7 зауыт енді.

«Құрылыс индустриясы «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының қажеттілігін қарастырады. Негізгі сұрақ ретінде құрылыс материалдарының ену қуаттылығы олардың сапасы мен тиімділігі қарастырылған», - деді Альберт Рау.

Жалпы, индустриалды құрылысты дамыту аясында республика бойынша 17 үй құрылысы комбинатын жүзеге асыру жоспарланған. Оның жобалық ауқымы 1,5 млн шаршы метр.

 

Барлық жаңалықтар