- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұр Әлем» павильоны қайта ашылды (ФОТОРЕПОРТАЖ)
«Нұр Әлем» павильоны қайта ашылды (ФОТОРЕПОРТАЖ)



Көрме аумағына кіру тегін және бұрынғы – солтүстік, оңтүстік, батыс және шығыс кіру топтарынан жүзеге асырылады. Билеттің құны - 1500 теңге болады. Ол арқылы «Нұр Әлем» павильонын, екі тақырыптық павильонды және үздік тәжірибелер аймағын тамашалауға болады. Сондай-ақ, ҰОС ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, ата-ана қарауынсыз қалған бүлдіршіндер мен көпбалалы аналар үшін ЭКСПО-2017 туристік аймағына кіру тегін болады.



Ал, зейнеткерлер мен мектеп оқушыларына арналған билет құны 500 теңге болса, студенттер билетті 800 теңге көлемінде сатып ала алады. Билеттерді ЭКСПО-2017 аумағындағы билет-кассаларында және ЭКСПО-2017 ресми сайты арқылы сатып алуға болады.

Сонымен қатар, ЭКСПО кешенінде аумағы 3,5 мың шаршы метрді құрайтын мұз айдыны ашылады. Мұз айдынында 1 сеанс құны 1000 теңге болмақ. Сондай-ақ, биыл Астана қаласында басты жаңа жылдық шырша ЭКСПО-2017 аумағында орнатылатын болады.



Айта кетейік, көрме аумағында 23 тамақтану нысаны жұмыс істейтін болады. Ал, автокөліктер үшін жерасты көлік тұрағы ашылады, онда алғашқы 3 сағаты тегін, ал кейінгі әр сағат үшін автотұрақ құны 100 теңге болмақ.


Келушілер тақырыптық павильонның екеуінде де энергияны үнемдейтін әрі энергетикалық тиімді болашақ қаласын құруға көмектесетін жаңа технологиялардың тәжірибе жүзінде қолданысын тамашалай алады. «Үздік тәжірибелер аймағында» әлемнің 13 елінен әкеліген жаңғыртылатын энергия көздері саласындағы 24 жетекші жоба ұсынылған.




Кайрат Жандыбаев
Фото: Азамат Әлиев
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
«Нұрлы жол»: Жолдағы қызмет көрсету нысандары, ақылы жолдар және кадр тапшылығы -
COVID-19: Вакцина алғандар қайта вирус жұқтыруы мүмкін бе -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Қазақстан және әлем экономикасы қайта қалпына келе бастады -
«Нұрлы жер»: 163 мың отбасы баспаналы болмақ -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды