- Басты
- Жаңалықтар
- «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басшысы АХҚО қайда орналасатынын айтты (ФОТО)
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК басшысы АХҚО қайда орналасатынын айтты (ФОТО)
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК басшысы АХҚО қайда орналасатынын айтты.
«С-3, С-4 павильондарында «Астана» халықаралық қаржы орталығы орналасады», - деді А.Есімов.
Өз кезегінде, C-1 павильонында білім беру орталығы құрылады. Орталықтың негізгі идеясы - ерте жастан бастап болашақ мамандардың мүмкіндіктері мен әлеуетін анықтау және дамыту болмақ.
«C-2 павильонында көрме кешені орналасады. Ол түрлі көрмелерге, халықаралық және отандық экспозицияларға арналған алаң болады. Өңірлер мен мемлекеттер өздерінің жетістіктерін көрсетіп, тәжірибелерімен үнемі бөлісе алмақ. Қазір дизайнерлік тапсырманы әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмысқа «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы тартылып отыр», - деді А.Есімов.
Сонымен қатар корпоративтік павильонның негізінде IT-стартаптардың халықаралық технопаркі құрылады.
« «Коммуникация орталығы жетекші БАҚ-тардың локациясы болады. Ол алаң ЭКСПО көрмесі кезінде өте ыңғайлы инфрақұрылымдық алаң ретінде өзін көрсете білді», - дейді Ахметжан Есімов.
Ол айтып өткендей, тұрғызылған нысандардың барлығы мағынасы мен сәулеті бойынша бірегей болып отыр.
Өз кезегінде, Астана әкімі Ә.Исекешев ЭКСПО-2017 ашылғалы бері оған 4 млн адам келгенін, бұл Астана үшін маңызды көрсеткіш екенін айрықша атап өтті.
«ШЫҰ және ТМД елдері арасындағы іс-шаралардың рейтингінде Астана осы бірлестіктердің ТОП-5 қалаларының қатарына енді. Инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, жаңа әуежай мен темір жол вокзалы салынды», - деді Ә.Исекешев.
Ақбота Күзекбай
Фото: Азамат Әлиев
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
АХҚО: Қаржы және экономика салалары бойынша олимпиадаға кімдер қатыса алады -
«Ashyq» мобильді қосымшасы: QR-код кімдерге беріледі, оны қайдан, қалай алуға болады -
Мемлекет басшысы «Спутник-V» вакцинасын салдырды -
Антикор басшысына тікелей өтініш жолдау мүмкін бе -
АХҚО-ның Қазақстан экономикасына инвестиция тартудағы рөлі -
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады -
Бақыт Сұлтанов азық-түлік бағаларының өсу себебін айтты