Елбасы бірқатар заңдарға қол қойды

10 Қараша, 2017 18:38
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы «Ұстап беру туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

 

Барлық жаңалықтар