- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұр Әлем» тұрақты режимде жұмыс істейтін болады – А.Есімов (ФОТО)
«Нұр Әлем» тұрақты режимде жұмыс істейтін болады – А.Есімов (ФОТО)
«Көптеген көрмелердің нысандары шара аяқталған соң коммерциялық нысанға айналады немесе таратылады. Мәселен, Миланда өткен соңғы көрмеде солай болды. Біздің де павильон ол көрмеге қойылды, кейін жинап алынды. Оған дейін болған ЭКСПО көрмелерінің нысандары коммерциялық нысанға берілді. Президенттің идеясы – көрме перспективаға бағытталуы керек. Бұл болашаққа салынған инвестиция, капиталды дамыту жолы. Елбасының салиқалы тұжырымдамасының тиімділігін нысандардың қолдану шешімі көрсетіп отыр», - деді А.Есімов.
ЭКСПО көзі ретінде «Нұр Әлем», Энергия холы, конгрес-орталық, үздік тәжірибе аймағы, тақырыптық және коммерциялық павильондар сақталды.
«Ертең барлық аталған нысандар толық режимде жұмыс істейтін болады. Көрменің басты көрнекі орны «Нұр Әлем» павильоны болды. Сфера ретіндегі шынылы бірегей нысанның ұзындығы 100 метр.Оны 1 млн 300 мың адам тамашалады. «Нұр Әлем» тұрақты түрде болашақтың энергия музейі ретінде жұмыс істейтін болады. Біздің «Нұр Әлем»Париждегі Эйфель мұнарасы немесе Брюссельдегі «Атомиум» нысаны сияқты белгілі болады деген үміттеміз», - деді А.Есімов.
Сондай-ақ, үздік тәжірибелер аймағында 13 елдің 24 үздік әлемдік жобасы ЖЭО саласында таныстырылды. Арт-орталық өз жұмысын заманауи өнер орталығы ретінде жалғастырады.
Ол айтып өткендей, тұрғындар мен қала қонақтарына арналған қызмет көрсетудің қажетті инфрақұрылымымен мұз айдыны ашылады. Әкімдік мұз айдыны мен еліміздің бас шыршасының құрылысын жоспарлап отыр.
Ақбота Күзекбай
Фото: Азамат Әлиев
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі