- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағандыда үйлерге жаңа QR-кодтары бар маңдайшалар орнатыла бастады
Қарағандыда үйлерге жаңа QR-кодтары бар маңдайшалар орнатыла бастады
Қарағанды облысының әкімдігі хабарлағандай, жаңа аншлагтар қорап тәрізді жасалған, онда көше атауы мен үйдің нөмірі жазлған. Олардың барлығы жарықтандырылған. Маңдайшалардың біразы күн батареясынан қуаттандырылады, ал қалғаны электр жүйелеріне қосылған.
Жаңа маңдайшалар тек қана тұрғын үйлерде ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік мекемелерде, шағын және орта бизнес нысандарында да орнатылатын болады. Бүгінде Әлиханов көшесі бойындағы ғимараттарға оларды орнату жұмыстары аяқталды.
«Қазыбек би ауданында жалпы сомасы 35 000 000 теңгеге барлығы осындай 1 521 маңдайша орнатылатын болады. Әзірге мұндай аншлагтар тек Астанада ғана бар. Енді Қарағандыда болады»,-дейді Қарағанды әкімдігінің жоспарлау және абаттандыру бөлімінің жетекшісі Ербол Нукич.
Жаңа нұсқаулықтарда QR-код бар, оны смартфонның көмегімен оқуға болады. Ол арқылы сіз сайттағы парақшаға кіресіз, ол жерде ғимараттың пошталық индексі көрсетілген. Сонымен қатар, онда бірнеше бөлім бар, болашақта оларда ғимаратқа кімдер қызмет көрсететіні: КСК, электриктер, сантехтиктер туралы мәліметтер орналастырылады.
Сол жерден аталмыш үйге қай мекемелердің қызмет көрсететінін білуге болады: емхана, балабақша, мектеп және т.б. Бұл ақпараттарды сәулет бөлімімен келіскеннен соң КСК өкілдері толтырып отырады.
Октябрь ауданында дәл осындай 2 326 жаңа маңдайша орнатылмақ. Олардың 2090-ы тұрғын үйлерде, 236-сы мемлекетік мекемелер мен шағын және орта бизнес нысандарында орнатылады. Ол үшін 17 465 000 теңге жұмсалады.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары