• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда 2014 жылы «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 7 млн-дай шаршы метр тұрғын үй салынады – Б. Жәмішев

Қазақстанда 2014 жылы «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 7 млн-дай шаршы метр тұрғын үй салынады – Б. Жәмішев

14 Қаңтар, 2014 12:29
Ағымдағы жылы 6,9 млн ш/м тұрғын үй құрылысы қарастырылып отыр. Бұл туралы бүгiн Үкiмет отырысында ҚР Өңiрлiк даму министрi Болат Жәмiшев мәлiмдедi.

«Ағымдағы жылы қаржыландырудың барлық көзi бойынша 6,9 млн ш/м тұрғын үй құрылысы жоспарланып отыр» - деді ӨДМ басшысы.

«Төрт негiзгi бағыт бойынша алдағы мақсатты жүзеге асыру үшiн Республикалық бюджеттiк комиссия 129,9 млрд теңгеге қаржыландыруды мақұлдады.

Сондай-ақ, аталған 4 бағыт бойынша 76,3 млрд теңгені игеру қажет. Бұл 320 мың шаршы метрге тиесілі жер көлемін 2015 жылы қамтамасыз ету жоспараланған», - деді Б. Жәмішев.

Жалпы, мемлекеттік бағдарлама бойынша жыл сайын құрылыстың көлемін өсіріп, 2020 жылы 10 млн шаршы метрге жеткізу көзделіп отыр.

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар