- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның репродуктивтік медицинасы еуропалық стандарттар деңгейіне жетті – Л.Ақтаева
Қазақстанның репродуктивтік медицинасы еуропалық стандарттар деңгейіне жетті – Л.Ақтаева
«Мемлекеттің демографиялық дамуында және көрсетілген заңнамалық актілерде репродуктивті денсаулықты сақтау маңызды аспектісі болып табылады. Ұрпақты болуда денсаулықты жақсарту қызметтерінің қол жетімділігін қамтамасыз ету бойынша отбасын жоспарлау және бедеулікті емдеуге бағытталған. Қазақстан белгілі бір санаттағы пациенттерге республикалық бюджет қаражаты есебінен бедеуліктен ЭКҰ бағдарламаларын өткізу бойынша посткеңестік кеңістіктегі алғашқы мемлекеттердің бірі болып шешім қабылдаған. Үкіметтің мұндай шешімі бұл қымбат емдеу болғандықтан бұрын төлеуге мүмкіндіктер болмаған көптеген ерлі-зайыптыларға үміт берді – деді Ләзззат Ақтаева.
Ұрпақты болу денсаулығын сақтауды жақсарту үшін, ауруларды ерте анықтау, диспансерлік бақылау және оларды сауықтыруға әзірленген және енгізілген ұлттық скринингтік бағдарламалар, іс-шаралар жоспары репродуктивті денсаулықты нығайту бойынша әзірленуде, фертильді жастағы әйелдерді қарау алгоритмі енгізілген.
«Бұл шаралар әмбебап интеграцияланған, әлеуметтік бағдарланған, қолжетімді және сапалы медициналық көмектің бастапқы буынын дамытуға және тиімді шешуге бағытталған, ол репродуктивті денсаулық, оның ішінде алдын алу мен бедеулікті емдеуге мүмкіндік береді", - деді ол.
Сондай-ақ, Лязат Ақтаева сәбисіз неке проблемасына кейінгі жылдары біздің елімізде және бүкіл әлемде көңіл бөлініп жатқанын атап өтті. ДДСҰ мәліметтері бойынша, олардың жиілігі тұрақты емес және барлық елдерде төмендеу тенденциясы байқалмайды. 20 жыл бұрын Қазақстан Республикасында алғаш рет қосымша репродуктивтік технологиялар әдістері, оның ішінде экстракорпоральдық ұрықтандыру (ЭКҰ) енгізілген болатын және ЭКҰ-дың арқасында 1996 жылы Қазақстанда бірінші бала өмірге келді.
Өз сөзін қорытындылай келе, вице-министр, бүгін Қазақстанның репродуктивтік медицинасы жаңашыл дәрігерлердің және Қазақстанның репродуктивтік медицинасы қауымдастығының арқасында еуропалық стандарттардың деңгейіне жеткенін атап өтті. Елімізде халықаралық практиканың ең заманауи жетістіктері сәтті енгізілді, емдеу тиімділігі үздік әлемдік орталықтарының көрсеткіштеріне сай. 2010 жылдан бері ЭКҰ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне енгізіліп, жылдан жылға саны артуда: 2010 жылдан 2017 жылға дейін 8 есе өсті (жылына 100 циклдан 900-ге дейін).
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Қаржы министрлігі: Ұлттық қор трансферті, бюджеттің атқарылуы және шығыстар мен кірістер -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы