• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қарағандыда қабынуға және гемофилияға қарсы биотехнологиялық дәрілер өндірісі іске қосылды

Қарағандыда қабынуға және гемофилияға қарсы биотехнологиялық дәрілер өндірісі іске қосылды

10 Қараша, 2017 14:53
Қарағандыда фармацевтика саласы қарқынды дамуда. Қалада қабынуға және гемофилияға қарсы биотехнологиялық дәрілер өндірісі іске қосылды

 «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС зауытында екі биотехнологиялық препараттар – Ритуксимаб және Семиклотин (Эптаког альфа дәрінің ХКЕА) шығарыла бастайды.

Қарағанды облысының әкімдігі хабарлағандай,  оның біріншісі қабынуға қарсы дәрі, екіншісі гемофилиямен ауыратындарды емдеуге арналған.

«Бұл дәрілер отандық фарминдустриядағы инновация болып табылады. Басты мақсат -Қазақстанның фармацевтикалық нарығында импортты азайту, ел халқын маңызы аса зор қажетті дәрі-дәрмектермен қамту»,-дейді «Қазақстанның ФармМедИндустриясы» Ассоциациясының президенті Руслан Сұлтанов. 

Аталмыш дәрілерді шығаруды бастамыс бұрын олар ұзақ клиникалық және клиника алдыңғы кезеңдерден өткен. 

«Бұл өте қиын процесс. Біз өз тиімділігін дәлелдейтін технологиялар трансферін жасаймыз. Біздің құрылымдық серіктесіміз.  «Фармстандарт» компаниясы, ол Ресей фармацевтика нарығындағы көшбасшы. Жаңа препараттардың тәжірибелік сериясын біз 2015 жылдың желтоқсанында шығардық. Кейін препараттың тұрақтылық деңгейі іштей және сырттай зерттелді»,-дейді «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС атқарушы директоры Ерікбек Ағатанов.

Кәсіпорын тізбектемесінде 66 дәрілік препараттар бар, олар әлеуметтік маңызды ауруларды: онкология, гемофилия, вирусты гепатит, қант диабеті және басқа да ауруларды емдеуге бағытталған. Бүгінде оның екеуі игерілді, болашақта жыл сайын технология трансферін нығайту көзделген. Қарағандылықтар республикамызда алғашқы болып дәрілерді тазартылған құтыларда және картридждермен, жәнеде алдын ала толтырылған шприцтарда шығара бастады. 

Кешен құрылысы мен жабдықталуына 50 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салынған. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 4 млн қаптама. Жетекшінің сөзінше, кәсіпорын бұл көрсеткішке үш жылда шығуды көздеп отыр.

Қарағанды фармацевтикалық кешенінің өнімдері еліміздегі емханаларда таратылады. «СК-Фармация» компаниясымен келісім жасалған, алғашқы жеткізулер 2018 жылдың қаңтар айына жоспарланған. 


 

Барлық жаңалықтар