- Басты
- Жаңалықтар
- 2018 жылы Астананы абаттандыруға 45,2 млрд теңге бөлінеді
2018 жылы Астананы абаттандыруға 45,2 млрд теңге бөлінеді
Астана қаласы мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерғали Егембердінің берген мәліметінше, алдағы 3 жылда «Алматы» ауданына 55,3 млрд. теңге, «Сарыарқа» ауданына 35,6 млрд. теңге, «Есіл» ауданына 51,1 млрд. теңге жалпы алғанда үш жылда 3 ауданға 142 млрд. теңге бөлу қарастырылған.
Аудандарға бөлінген қаражаттың басым бөлігі көлік инфрақұрылымын дамытуға, жолдардың құрылысы мен оларды жөндеу жұмыстарына және тұрғын үй аулаларын абаттандыруға бағытталады.
«Келер 2018 жылы «Алматы» ауданына 17,9 млрд. теңге, «Сарыарқа» ауданына 11,4 млрд. теңге, «Есіл» ауданына 15,9 млрд. тенге қаржы бөлу қарастырылған», деді экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерғали Егемберді.
Сонымен қатар, Ерғали Егемберді басқармаларға бөлінетін үш жылдық бюджет қаржысында атады. Мысалы Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына 1,6 млрд теңге қаржы бөлу қарастырылған. Бұл қаражат бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін жобалауды аяқтауға, білім және денсаулық, табиғатты пайдалану, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларындағы жобаларды консультациялық сүйемелдеуге бағытталады.
Астана қаласының қаржы басқармасына үш жылдық негізде 98,3 млн теңге бюджет қарастырылған. Бөлінген қаржы жергілікті атқарушы органдардың қызмет көрсету және борышын өтеу, бюджеттік алымдар және жергілікті атқарушы органның резервіне бағытталады.
Астана қаласының коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасына үш жылға 1,6 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаражат коммуналдық мүлік объектілерін бағалау, жекешелендіруге жататын мекемелерде аудит жүргізу, көпсалалы «Барыс Арена» мұз айдыны жұмысын қамтамасыз ету, коммуналдық меншік объектілерінің техникалық құжаттамасын дайындау бойынша қызметтерге бағытталады.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
Абай жылының айшықты тұстары