• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев пен В.Путин екіжақты ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін талқылады

Н.Назарбаев пен В.Путин екіжақты ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін талқылады

9 Қараша, 2017 19:41
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресейдің ХІV өңіраралық ынтымақтастығы форумы аясында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекеттер басшылары кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, оны әрі қарай дамытудың перспективаларын қарастырды.

«Біздің өңіраралық ынтымақтастығымыз – қиындықтарға қарамастан ілгерілеп келе жатқан экономикалық өзара іс-қимылымыздың негізі. Соңғы 9 айда елдеріміз арасындағы тауар айналымы 31 пайызға өсті. Біздің әр кездесуіміз – жаңа белес, онда ауқымды міндеттер шешіледі. Бүгінгі кездесуіміз де мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін маңызды рөл атқарады», – деді Қазақстан Президенті.

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Барлық жаңалықтар