- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада жыл соңына дейін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша екі үй салынады
Астанада жыл соңына дейін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша екі үй салынады
2017 жылдың аяғына дейін «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру бағытыңда «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» Астана қаласы Қошқарбаев - Жұмабаев даңғылдары қиылысында орналасқан 620 пәтерлі екі КТК-нің (көппәтерлі тұрғын үй кешені) халық игілігіне беруді жоспарлап отыр. Осы берілгелі отырған 620 пәтердің 310 пәтері банк салымшылары арасында конкурс арқылы ойнатылса, қалған 310 пәтер кезекте тұрғандарға берілетін болады. Ал, пәтер құнына келетін болсақ, 1 шаршы метрдің құны – 180 мың теңге. Конкурстың нақты күні әзірге белгісіз.
Қазақстанның «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ банк салымшылары мен кезекте тұрғандардан құжаттарды қабылдауды және қатысушыларды іріктеуді дербес жүргізеді екен. Ал, үміткерлерді іріктеу бағалау көрсеткіштері бойынша жүргізіледі. Пәтерлер несиеге берілетін себепті есепке тұрған күн ескерілмейді.
Ал, халықтың әлеуметтік-осал топтарына жалға берілетін тұрғын үй қорын құру және үй беру тәртібі төмендегідей.
Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін пәтер коммуналдық тұрғын үй қорында кезекте тұрған халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз қорғалған топтарына және баспана кезегінде тұрған мұқтаж жандарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы тұрғын үй заңнамасына сәйкес кезек ретімен берілетін болады.
Осы бағытта 2018-2019 жылдар аралығында 519 пәтер беру жоспарланған.
Ал, ипотекалық кредит берудің қолжетімділігін арттыру бойынша бағдарламаға қатысудың шарттары төмендегідей:кредит беру мерзімі – 180 ай;бастапқы жарна - 30% бастап;нысаналы мақсаты – бастапқы тұрғын үйді сатып алу;Алматы, Астана қалалары үшін қарыздың ең жоғары субсидияланатын сомасы - 20 млн. теңге, өзге қалаларда 15 млн. теңге;субсидиялаудын ең жоғары мерзімі – 120 ай.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері