- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Байбек: Алматы 2019 жылдың соңына дейін тұтастай газдандырылады
Б.Байбек: Алматы 2019 жылдың соңына дейін тұтастай газдандырылады
Қала әкімі сондай-ақ Алматының көлік кептелісі, экологиялық мәселелері туралы да кеңінен мәлімет берді.
«Жайлы қаланың басты көрсеткіші - жақсы экология. Президенттің тапсырмасы бойынша ТЭЦ-2 газға көшірілмекші, ТЭЦ-1-ді жаңғыртудың ЖСҚ жасалуда. Келер жылы жалпы қуаты 550 мың тонна тұрмыс қалдықтарын өңдейтін және 60 мың тонна шикізат шығаратын арнайы кешенді іске қосу жоспарланған. Екі жыл ішінде 59 мың жаңа ағаш отырғызылды, жыл аяғына дейін тағы да 15,6 мыңы отырғызылады. Энергияны жаңарту жобалары – кәріз жүйелеріне биогаз қондырғыларын, Кіші Алматы өзені арнасындағы кіші гидроэлектростанциясына тиімді жабдық орнату қолға алынды»,-деп атап өтті ол баяндамасында.
Әкімнің айтуынша, көлік проблемасын шешу жұмыстары да қауырт жүруде. Қалада күн сайын 700 мыңнан астам автомобиль жүреді. Бұдан пайда болатын көлік залалы 80%, сондықтан болашақта қоғамдық көлікті реформалау ісі одан әрі жалғасын таппақ. Бұл күнде метроның екі бекетінің құрылысы жүруде, келер жылы МЖӘ қағидасы бойынша ЖРК қрылысын қолға алу жоспарланған. Қазір қаланың қоғамдық көлік паркі 1,4 мың бірлікті құраса, олардың 60%-ын газбен жүретін автобустар мен троллейбустар ұстайды.
«Биыл қала автопаркі 530 жаңа автобуспен толықпақшы, олардың 211-і бағыттар бойынша жолға шыққан. Екі жыл ішінде «ОҢАЙ!» жүйесі бойынша 20 млрд. теңгеге 350 млн. транзакцияланды. Осы шаралардың арқасында тасымалдаушылардың негізі табысы екі есе өскен. Жоспарда FalconEuroBus компаниясымен бірге электроавтобус шығаратын зауыт салынбақшы», - деді Б.Байбек.
Қалада ұзындығы 21 км болатын «Орбитадан Көкбазарға дейін» велодәлізі және 68 км веложолдар жасалды. «Almaty Bike» велостанциясы 200-ден 1730-ға артты.
Кіші көлік айналымы, БАКАД бағыты бойынша үш радиалды жолдар салынды. Үкіметтің қолдауы арқасында Абай даңғылы қала шекарасына дейін ұзартылуда. 30 км жаңа жолдар, жол айрықтары, магистральді көшелер жасалуда, 180 км жол орташа жөндеуден өтті. 7 көпір жаңарды, 5 өтпелі жол салынды. Сонымен қатар ақылы көлік тұрақтарын енгізу барысында бюджет түсімі 5 есе көбейді. Бұл ақылы тұрақтардың көлік қозғалысы мен қала тәртібіне, экологияға жақсы әсерін тигізіп жатқанын атап өтті қала әкімі.
Тамыз айынан бастап «Алматы-Ұзынағаш» және «Алматы-Қапшағай» темір жолдары күніне 2 рет «Оңай» жүйесінде қатынайды. Осы мақсаттағы субсидиялар түріне 5 айда 350 млн. теңге бөлінген. Бүгінде күнделікті жолаушылар ағыны 1700 адамды құрайды. Әкімнің айтуынша, тасымалдаудың жалпы әлеуеті күніне 3200 жолаушы болған жағдайда, мыңдаған қала маңы көліктернің қалаға кіруін азайтады.
«Бұдан басқа, қаланың кіреберісіндегі Қаскелең трассасының бойындағы жол бөліктері кеңейтілді. Алматы облысының әкімдігі Алтын Орда базарының жанындағы жол бөлігін кеңейтпекші. Тұтастай алғанда, біз осы мәселелерді шешу үшін Алматы облысы әкімімен тығыз байланыста жұмыс жасаймыз»,- деді Бауыржан Байбек мырза автожолдар туралы айта келіп.
Есбол Социалхан
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді -
Алматының дамуы: Эпиджағдай, денсаулық, білім, тұрғын үй саласы және инвестиция -
Алматы облысының дамуы: Денсаулық, білім саласы, ШОБ және газдандыру мәселесі -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу