- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы стратегиялық серіктестік деңгейіне шықты
Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы стратегиялық серіктестік деңгейіне шықты
Кездесу барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы саяси өзара іс-қимылды тереңдету, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, мәдени қатынасты күшейту, сондай-ақ халықаралық және аймақтық деңгейдегі маңызды мәселелер қозғалды.
Тараптар Қазақстан мен Қытай басшыларының салиқалы саясатының арқасында дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 25 жыл ішінде қол жеткізілген достық, әріптестік, тату көршілік қарым-қатынасты алға тарта келіп, Қазақстан Президентінің «Нұрлы жол» бағдарламасы мен КХР Төрағасының «Бір белдеу-бір жол» бастамасы ұзақмерзімді өзара ортақ іс-қимылдың жарқын көрінісіне айналғанын, оның табысты жүзеге асырылуы екі ел дамуына тың серпін беретінін атап өтті.
Өз кезегінде Го Гэнмао қос мемлекет арасындағы ықпалдастық барлық салада жыл сайын тереңдеп келе жатқанын, әсіресе АӨСШК, ШЫҰ сынды басқа да халықаралық ұйымдар аясында Қазақстан мен Қытай елдері қатынасының арта түскенін жеткізді.
В. Божко осы табыстарды одан әрі еселей түсу үшін екі ел парламенттерінің рөлі зор екенін айтып, парламентаралық байланысты нығайтуға назар аударды.
Тараптар осындай түрлі деңгейдегі кездесулер, іс-сапарлар елдер арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамыта түсетініне тоқталды.
Жүздесуде Қытай мен Қазақстан арасында әсіресе, ауылшаруашылығы саласы бойынша әріптестікті ынталандыру әңгіме өзегіне айналды. Осы тақырып одан әрі Мәжілістің Аграрлық мәселелер мен Бүкілқытайлық Халық Өкілдері Жиналысының Ауылшаруашылығы және ауыл істері жөніндегі комитеттер өкілдерінің жеке кездесуінде талқыланып, тұщымды ойлар айтылды.
Шараға Аграрлық Мәселелер комитетінің төрағасы Сапархан Омаров бастаған бірқатар Мәжіліс депутаттары қатысты.
-
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестік пен өзара ынтымақтастық -
Абай жылының айшықты тұстары -
Білім беру саласындағы ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету қалай жүргізіліп жатыр -
Ұлттық жоспар - 2025 және халықаралық тәжірибе -
Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі қалай өзгерді -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму Жоспары: стратегиялық міндеттер, коронадағдарыс салдарын еңсеру шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм отандық кинопрокатқа шықты -
Сайлау-2021: Еxit poll нәтижесі шықты
-
Денсаулық саласы: Бюджет ашықтығы қалай/Халықаралық деңгейде қай салалар бәсекеге қабілетті -
Жүрегінде ақауы бар 90 жастағы әжей ауыр дәрежедегі пневмония ауруын жеңіп шықты -
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақтылық деңгейіне өтті – А.Цой -
Вице-министр: Биыл егін бітік шықты -
ВИДЕО: Медициналық масканың қорғаныш деңгейіне эксперимент -
Қазақстанда 630 адам коронавирустан емделіп шықты