Мәңгілік Елдің рухани байрағы – Мұхтар Әуезов (ФОТО)

3 Қараша, 2017 15:05
Назарбаев Универ­си­теттің ұйымдас­ты­руымен «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасы аясында қазақ халқының ұлы жазушысы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің 120 жылдық мерейтойына арналған «Мәңгілік Елдің рухани байрағы – Мұхтар Әуезов» атты естелік, сырлы сұхбат кеші өтті.

Назарбаев Универ­си­теттің ұйымдас­ты­руымен «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасы аясында қазақ халқының ұлы жазушысы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің 120 жылдық мерейтойына арналған «Мәңгілік Елдің рухани байрағы – Мұхтар Әуезов» атты естелік, сырлы сұхбат кеші өтті.Кешке белгілі ғалым, қоғам қайрат­кері Мырзатай Жолдас­беков, абайтанушы, ғалым Ме­кем­­тас Мырзахметов, дип­ло­­­­мат, мемлекет және қоғам қай­рат­кері Мұрат Әуезов қатысты. 

Кештің шымылдығы Назарбаев Университеттің прези­денті Шигео Катсудың құт­тық­­тау сөзімен ашылды. Сөзін қазақша бастаған Шигео Кат­су Әуезовтің жазушылық жолы мен аударма саласындағы еңбе­гіне тоқталып, кешке кел­­ген құрметті қонақтарды құт­тық­тады. Назарбаев Уни­верси­т­еттің студенттік іс­тер және халықаралық қаты­нас­тар жө­ніндегі вице-прези­денті Қ.Даирова елі­міз­дегі ең үздік білім ордасының шәкірт­тері тек қана технократ емес, ру­ханиятқа да жақын екенін айт­ты. Себебі студенттер ор­кес­трі Құрманғазының күйін орындап, «аманатқа адалдық» атты Әуезовке арналған сахналық қойылым қойды. 

Осы кештің аясында Мұ­рат Мұх­тар­ұлы Әуезов­тің «Ділім» кітабының тұ­сау­кесе­рі өтті. Бүгінгі күні қазақ интел­­лектуалдарының аға буынына айнал­ған Мұрат Әуезовтің өмір жолынан сыр шертетін кітап Назарбаев Универ­си­те­т­тің кітап­ханасына және рухани жаң­ғыру орталығына сый­ға тар­ты­лды. Сонымен қатар, Мырза­тай Жол­­дасбеков та өзінің қол­таң­­басы жазылған кітап­тарын Уни­верситеттің ұжы­мына сыйлады. Мұрат Әуезов сту­дент­тердің көкейіндегі сұрақтарға жа­уап беріп, «Ділім» кітабының тақырыптық, идеялық ерек­шеліктеріне тоқталды. 

Назарбаев Университеттің атқарушы вице-президенті Ердан Құсаин кешті қоры­тын­­дылап, қонақтарға алғыс айтты.    

Фото: Азамат Әлиев

Барлық жаңалықтар