- Басты
- Жаңалықтар
- «Қазақстан халықтары» интерактивті картасы қандай тақырыптарды қамтиды (ФОТО)
«Қазақстан халықтары» интерактивті картасы қандай тақырыптарды қамтиды (ФОТО)
Мемлекет басшысының ҚР БҒМ-ға берген тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау мақсатында ҚХА мүшелерінің, тарих, география, ақпараттық және анықтаушы технологиялар саласы ғалымдарының қатысуымен ғылыми негізде тарихи интерактивті карта даярлайтын арнайы жұмыс тобы құрылды.
«Бүгінде бұл тапсырмаларды жүзеге асыруға үш институт атсалысуда. Олар: Ш.Валиханов атындағы тарих және этнология институты, География институты мен Ақпараттық және анықтаушы технологиялар институты. Бұл жобаның басты құндылығы оның қоғамдық мәдени бағытында. Жалпы, біз бұл жұмысқа кірісер алдында әлемдік тәжірибені сүзгіден өткіздік», - деді ҚР БҒМ вице-министрі.
А. Аймағамбетов хабарлағандай. Осындай тектес халықтар картасы АҚШ пен Ресейде және кейбір еуропалық елдерде бар.
«Біздің «Қазақстан халықтары» зияткерлік ғылыми картада еліміздегі халықтардың этникалық тарихы, жер аудару, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, қазақстандық халықты қалыптастырған халықты қоныстандыру процесі бүге шүгесіне дейін көрсетілген. Жоба заманауи технологияларға негізделген», - деді вице-министр.
Оның айтуынша, аталмыш карта барлық қолданушы интерфейстерде қолжетімді болады. Карта бес бөліктен тұрады.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Ақбота Күзекбай
Фото: Азамат Әлиев
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»