- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық контейнерлік пойыз түріктің Мерсин қаласына тоқтады
Қазақстандық контейнерлік пойыз түріктің Мерсин қаласына тоқтады
Контейнерлік пойыз құрамында «ҚТЖ» ҰК» АҚ қарасты отыз 20 футтық контейнерлерге қапшықталған астық пен «ӘТЖ» ЖАҚ вагондарына тиелген жүктер бар. Жылжымалы құрам 5435 шақырымды он күнде басып өтті. Халықаралық бағдар Құрық порты паром кешені мен Каспий теңізі жағалауындағы Алят порты арқылы өтті. Сапар барысында вагондарды кең табанды рельстен тар табанды түріне алмастыру жаңа грузин-түрік шекаралық бекеті Ахалкалаки- Карста жасалды.
«Жобаны табысты жүзеге асыру барлық мүдделі тараптардың бірлескен қызметінің арқасында мүмкін болды. Оның ішінде теміржол, порт, теңіз көлігі әкімшілігі, логистикалық компаниялар – Транскаспий халықаралық көлік бағдарына (ТХКБ) қатысушы мемлекеттердің көлік құрылымдары белсенділік көрсетті»,-дейді «KTZ Express» АҚ контейнерлік тасымалдау департаментінің директоры Алмат Кәрімов.
А. Кәрімовтің айтуынша, Баку-Тбилиси-Карс контейнерлік пойызын түрік портына жеткізумен «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «KTZ Express» АҚ еншілес компаниясы ұйымдастырды. ТХКБ бағдарындағы тауар тасымалдаудың тиімді логистикалық тізбегін жасақтау және контейнерлік жүк ағынын тарту мен жүк базасы балансын жасақтау мақсатында «KTZ Express» АҚ жүк жөнелтушілерге мультимодальдық контейнерлік пойыз жасақтауда автокөлік қызметі мен қазақстандық көлік-логистикалық инфрақұрылымын пайдалану ұсынылды.
«Бұл бағдардың жылдық әлеуеті 10 миллион тонна жүк тасымалдауға жетеді деп бағаланып отыр. Таяу арада келесі жүк кезегі жөнелтіледі»,- А. Кәрімов.
Қазақстанға өзінің меншігіндегі терминальдық инфрақұрылымды пайдаланып, мультимодальдық шешімдерді қолдануы Түркия бағдарына астық жөнелту ғана емес, басқа да таяу және алыс көршілерге қажетті жүк тасымалдауға кең жол ашады.
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
CFA Institute ® алғаш рет қазақстандық университеттің бағдарламаларын мойындады -
Халық санағында қазақстандықтар қандай сұрақтарға жауап береді -
Шетелдегі қазақстандықтар үшін eGov.kz-те 5 жаңа қызмет қолжетімді -
Қазақстандық сот орындаушылары борышкерлерден алимент өндіріп алды