- Басты
- Жаңалықтар
- «KADEX - 2018» көрмесі аясында «Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық форумы өтеді
«KADEX - 2018» көрмесі аясында «Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық форумы өтеді
ҚР Қорғаныс және аэроғарыш министрлігі хабарлағандай, бұл Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қамқорлығында өтетін алғашқы көрме. Оған отандық және шетелдік қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен ғарыш саласының кәсіпорындары, жетекші конструкторлық бюро мен ғылыми-зерттеу институттары қатысады.
«KADEX» көрмесі өткізілген жылдардан бері құқық бойынша қару-жарақ, әскери және арнайы техникаларды, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы технологияларды көрсету тұрғысында әлемнің жетекші көрме алаңына айналды.
«KADEX - 2018» көрмесі аумағында орталық диалогтық көрме алаңдарының бірі болатын «Қазақстандағы ғарыш күндері» Халықаралық форумы тұңғыш рет өткізіледі.
Форум аясында пленарлық және секциялық отырыс, конференция, «дөңгелек үстел» форматында барлық елдердің мамандары қорғаныс және қауіпсіздік, әлемдік ғарыш саласын дамыту мәселелері төңірегінде пікір алмасып, замануи кезеңде киберқорғаныспен қамтамасыз ету сұрақтары талқыланатын кең көлемді ғылыми-іскерлік бағдарлама жүзеге асырылады.
Көрме қонақтары мен қатысушылар қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен ғарыш саласындағы кәсіпорындардың соңғы жетістіктері мен ғылыми әзірлемелерімен таныса алады. Көрмеде негізгі басымдық электронды жүйені дамытуға, байланыс және қару-жарақпен басқару жүйесіне, ақпараттық қауіпсіздікте заманауи шешімдерді іздеуге беріледі.
Тәжірибе көрсеткендей, мұның бәрі өз кезегінде әскери-техникалық ынтымақтастықты, киберқорғаныс пен ғарыш кеңістігін игеруде әріптестік қатынасты дамытатын өзара тиімді келісімшарт жасаумен, келісімдер мен меморандумдарға қол қоюмен аяқталуы тиіс.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты