- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Сауд Арабиясымен барлық салалардағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі
Қазақстан Сауд Арабиясымен барлық салалардағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі
Кездесуде Төраға орынбасары Қазақстан Сауд Арабиясын Таяу Шығыс өңіріндегі маңызды саяси әрі экономикалық әріптесі ретінде санайтынын және барлық салалардағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін атап өтті. Тараптар екіжақты негізде және парламентаралық ұйымдар аясындағы парламентшілердің байланыстарын одан әрі дамыту жайын талқылады.
«Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың өткен жылы қазан айында Сауд Арабиясына жасаған ресми сапары екі ел арасындағы қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеруге тың серпін берді. Сонымен қатар Елбасының биылғы 21 мамырда Эр-Риядта өткен Біріккен Араб Әмірліктері мен ислам елдерінің саммитіне қатысуы Қазақстанның терроризм мен экстремизмге қарсы күресте өзара ынтымақтастықты нығайтуға деген ниетінің дәлелі», - деді Б.Бекназаров.
Кездесу барысында Сауд Арабиясы Королінің өркениетаралық түсіністікке бағытталған бастамалары Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен өтіп келе жатқан, дінаралық төзімділік пен түсіністік арқылы халықаралық қақтығыстардың алдын алу және шешуге арналған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінің мақсаттарымен үндес екені айтылды.
Төраға орынбасары сауд тарапын келесі жылы өтетін VI съездің жұмысына қатысуға шақырды. Кездесу соңында Сауд Арабиясы Корольдігі Консультативтік кеңесі делегациясының басшысы Ахмад әл-Хамди еліміздің қарқынды дамуы туралы айта келіп, түрлі салаларда өзара тиімді әріптестікті нығайтуға әзір екенін де атап өтті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы