• Басты
  • 2014 жылы зейнетақы төлемдерін көбейту үшін 1 трлн теңге қарастырылған – ЕХӘҚМ
14 Қаңтар, 2014 11:36

2014 жылы зейнетақы төлемдерін көбейту үшін 1 трлн теңге қарастырылған – ЕХӘҚМ

Республикалық бюджетте 2014 жылы зейнетақы төлемін көбейту үшін 1 трлн теңге қарастырылып отыр, деп ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2014 жылы зейнетақы төлемдерін көбейту үшін 1 трлн теңге қарастырылған – ЕХӘҚМ

«2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы алатын барлық зейнеткерлер мен атқарушы ведомстволар үшін 9 пайызға жоғарлады. Зейнетақы төлемдерін көбейту үшін 1 трлн теңге қарастырылған», - делінген хабарламада.

2014 жылдың минималды зейнетақысы 20 782 теңге. Зейнетақының базалық негізі бойынша ол 30 765 теңге немесе 1,6 күнкөріс минимумына тең.

Айта кетейік, ҚР Үкіметінің зейнеткерлерінің өмір сүру деңгейін өсіру үшін жыл зайын зейнетақы төлемі өсуде. Оған қоса, жыл сайын жоспар бойынша тұтынушылар индексінің бағасы 2 пайызға өсіп отырады.

ҚР 2012-2016 жылдарға арналған  әлеуметтік-экономикалық жоспары бойынша тұтынушылар бағасының индексі 6-8 пайызды құрады. Осыған орай, 2012-2014 жылдары зейнетақы төлемі 9 пайызға көтерілді.

 

Барлық жаңалықтар
3.238.184.78, 192.168.88.100