- Басты
- Жаңалықтар
- Д. Абаев: 2017 жылы 3 мыңға жуық сайт бұғатталды
Д. Абаев: 2017 жылы 3 мыңға жуық сайт бұғатталды
«Бізде жаңадан пайда болған интернет құралдары, теледидар, басылымдар да бар. Қарама-қайшы контенттің ауқымы да көп. Биыл біз 3 мыңға жуық сайтты бұғаттадық. Бұл шара құқыққа қайшы контент алынбаған кезде қолданылады», - деді Д.Абаев.
Министрдің айтуынша, министрлік құқыққа қайшы материалдарға қатысты 270 мыңға жуық ескертуді жолдады. Яғни лаңкестік, экстремизм, порнография және басқа да осы тектес материалдар болған.
«Әлеуметтік желіде материал пайда болды делік, біз барша әлеуметтік желіні бір материал үшін бұғаттай алмаймыз. Сондықтан да желінің әкімшісімен байланысқа шығуға тура келеді. Ал әкімші өз кезегінде тиісті шараларды қабылдайды. Біздің басты жұмыс - интернетте, теледидарда таратылатын ақпаратты бақылау. Алдағы жылдың соңына дейін бақылаудың автоматтандырылған жүйесін енгізбекпіз. Аталған жүйе интернетті бақылайды», - деді министр.
Айта кетейік, ҚР АКМ басшысы айтып өткендей, министрлік журналистік сауалдарға жауап беру уақытын қысқарту мәселесін қарастыруда.
Ақбота Күзекбай
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады