- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық теміржолда астық шатлл тікелей бағдары ашылды
Қазақстандық теміржолда астық шатлл тікелей бағдары ашылды
Ұн тиелген жылжымалы құрамдар 3257 шақырымды 120 сағатта жүріп өтеді. Аталмыш бағдар «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ының жылжымалы құрамды тиімді пайдалану жобасы бойынша жүзеге асырылды. Жүк пойыздарының қозғалысы белгіленген кестемен баламалы жолаушылар қозғалысының бағдарымен жүргізілді.
Осы бағдар бойынша бекітілген кестеде пойыздың шығуы мен межелі жерге жетуі аралығындағы барлық ұйымдастыру және технологиялық үдерістер көрсетілген. Ендігі жерде жүк жөнелтушілер жылжымалы шатлл құрамның жіберілген кезін біліп, автоматтандырылған құжаттарды ресімдеу мен келісімді және коммерциялық жұмыстарын автоматты басқару жүйесімен қадағалай алады.
«Жобаны табысты жүзеге асыру басқа көлік түрлерімен теміржолдың бәсекеге қабылеттілігін көтере түседі»,-дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Пайдалану жөніндегі атқарушы директоры Әділет Айтбек.
Оның айтуынша, «бұл қадам жүкті белгілі нақты бағдарға жіберу арқылы вагон айналымы мерзімін қысқартып, жүктің сақталуын қамтамасыз етеді».
Оның сыртында бағдарда өндірістік емес, локомотив күтіп қалу секілді тоқталу болмайды.
Жоба аясында жүк пойызы Есіл-Сарыағаш- Есіл –Шымкент бағдарына Арқалық-Есіл- Құшмұрын телімдерімен жібереді.
Есіл-Сарыағаш 2044 шақырымды 57 сағатта жүріп өтсе, Есіл-Шымкент бағдарындағы пойыз 1834 шақырымды 53 сағатта жүріп өтті.
«Аталмыш бағдарларды жергілікті астық трейдерлері және ұн кәсіпорындары жоғары бағалады. Технология жүк жөнелтушілерге тасымалдауды ұйымдастыру арқылы экономикалық табыстарға жеткізеді»,-дейді Әділет Айтбек
Айта кетейік, биылғы қарашада Қостанай өңірінде 5607 вагонға астық, 2181 вагонға ұн тиеуге алдын ала тапсырыс берілген. Облыстық әкімдікте астық пен ұн тасымалдауға қатысты мәселе туындаса, жедел шешуге арналған штаб қызмет етеді. Штаб құрамында мемлекеттік кіріс, фитосанитарлық бақылау, элеваторлар мен жүк жөнелтушілер, барлық тасымалдауға қатысушы теміржол саласының өкілдері тартылған.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
ҚТЖ: Астық, көмір, мұнай және шөп тасымалдау мәселелері -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар