- Басты
- Жаңалықтар
- Өңірлік даму министрлігі 2014 жылы «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша игерілмеген өңірлердегі қаражатты біржақты түрде алып тастайтын болады
Өңірлік даму министрлігі 2014 жылы «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша игерілмеген өңірлердегі қаражатты біржақты түрде алып тастайтын болады
«Ведомство қазіргі таңда тек қана өңірлер бойынша емес, түрлі салалар бойынша да мониторинг өткізуде. Биыл министрлікке әкімдіктерден игерілмеген қаражатты біржақты түрде алып тастайтын құқық беретін қосымша келісімге келуді ұсынбақпыз», - деді Б.Жәмішев.
Министрдің айтуынша, игерілмеген қаражатты қайтарып алу екі жақты келісім негізінде ғана жүзеге асырылуда.
«Өңірлерде бөлінген қаражатты иегермеу жағдайлары кездестінін ескере отырып біз игерілмеген қаражатты біржақты түрде алып тастайтын құқыққа ие болуды көздеп отырмыз», - деді министр.
Өз кезегінде Премьер-Министр Серік Ахметов ведомствоға игерілмеген қаражатты біржақты түрде алып тастайтын құқық берді.
«Мұндай құқық сіздерге беріледі. Өңірлік даму министрлігі республика бойынша операторлық қызмет атқарып, осындай құқыққа ие болуы керек, бұл құқықты біз сіздерге береміз», - деді Үкімет басшысы.
Жалпы, Болат Жәмішевтің айтуынша, жалдамалы тұрғын үйдің жылдық жоспры орындалған. Салынған баспана көлемі 402,6 мың шаршы метрді құрайды. Бұл өткен жылғы жылдың жоспардың 140%-ын құрайды.
«8 өңір бойынша жоспардан артта қалу әлі де бар. Бағдарама бойынша салынатын құрылыстар өңірлер арасында теңдей бөлінбеген және ол да өз кезегінде орындалмаған. 2013 жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесі арқылы республикалық бюджеттен жергілікті атқарушы органдарға 27,9 млрд теңге бөлінген. Несиелік тұрғын үй бойынша жылдық жоспар барлық дерлік әкімдіктер тарапынан орындалған, Маңғыстау облыстық әкімдігінен басқа. Жылдық жоспар 22,8 пайызға артық орындалды», - деді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр