- Басты
- Жаңалықтар
- «Мектебіме тағзым» акциясы 2017-2018 оқу жылының соңына дейін жалғасады
«Мектебіме тағзым» акциясы 2017-2018 оқу жылының соңына дейін жалғасады
Аймақтың түрлі жастағы және мамандықтағы табысты азаматтары өздерінің білім алған мектептеріне қажетті заттарды 111 млн теңгеге алуға көмектесті. Алғаш болып акцияға «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы қолдау көрсетті. Жалпы, бар жоғы жарты жылдың ішінде павлодардық кәсіпорындар мен мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін, сонымен қатар шетелде тұратын 532 азамат өңірдегі 205 оқу ордасына қажетті заттарды алуға көмектесті. Әр қатысушы өзінің білім алған мектебіне ерекше сый тарту етті. Бірі мектебінде шахмат немесе компьютер мектебін ашса, кейбіреулер музыка, химия, биология,физика, тарих немесе робототехника сынды пәндер бойынша арнайы сыныпты жасақтауға көмектесті. Спорт залды, асхана мен мектептің кіреберісін, шатыры мен терезесін жөндеуден өткізді.
Осы жылы «Мектебіме тағзым» акциясы ең табысты игі істердің бірі болып танылды. Сондықтан да оны өткізу мерзімі 2017-2018 оқу жылының соңына дейін ұзартылды, деп жазады pavlodarnews.kz.
Естеріңізге сала кетейік, «Мектебіме тағзым» жобасы павлодарлық мектеп түлектерінің бастамасымен 2017 жылдың 25 мамырында басталған болатын.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды