- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сапарбаев бюджеттің толық әрі тиімді игерілуін қамтамасыз етуді тапсырды
Б.Сапарбаев бюджеттің толық әрі тиімді игерілуін қамтамасыз етуді тапсырды
Қаржы басқармасының басшысы Гүлқасима Сүйінтаеваның мәліметі бойынша облыс бюджетінің кіріс бойынша нақты орындалуы 101,9 %, шығыс бөлігі 98,7 % құрады.
Осыған байланысты аймақ басшысы бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне, аудандар мен Ақтөбе қаласының әкімдеріне бюджет қаражатының қаржыландыру жоспарларына сәйкес толық әрі тиімді игерілуін қамтамасыз етуді тапсырып, жұмсалуын қатаң бақылауды талап етті.
«Жылдың аяқталуына екі айдан аз уақыт қалды. Осы уақыттың ішінде біз бюджеттің толық игерілуін қамтамасыз етуіміз қажет. Бұдан өзге, бюджеттің шығыс бөлігін толтыратын қорларды іздестіру жұмыстарын жалғастыру керек»,-деді Б.Сапарбаев.
Жиын аясында облыс әкімі сондай-ақ, облыстық әділет департаментінің қызметі туралы есебін де тыңдады.
Департамент басшысы Берік Беркімбаевтың айтуынша осы жылдың он айы ішінде ведомствоның тіркеген нормативтік-құқықтық актілер саны 17,4% артқан. «Жүз қадам» ұлт жоспарының 27 қадамын жүзеге асыру шеңберінде жеке сот орындаушылары институты дамып келеді. Бүгінде өңірде жетпіс жеке сот орындаушысы жұмыс істесе, оның 15-і – облыс аудандарында. Жыл басынан бері олар 24 млрд теңгеден астам сомаға 40 мыңнан аса орындау құжатын аяқтады.
Облыс әкімінің жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша тапсырмасы аясында 1944 тіркелмеген нысан анықталып, оның 1894-і тіркеуден өтті.
Көліктік бақылау саласындағы проблемалық сұрақтарды қарастырған жиналыс аяқталды. Олардың ішінде Ақтөбе қаласы мен облыстың аудан орталықтарында ұсталған көлік құралдарын қою үшін арнайы тұрақтарды ұйымдастыру, инспекцияны арнайы автокөлікпен қамтамасыз ету, сонымен қатар, жерглікті жолдарда көктем мен жаз кезінде шектеу қою және жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы автоматтандырылған өлшеу жүйелерін орнату мәселелері бар.
Ағымдағы жылдың он айында жасалған бақылаудың қорытындысы бойынша жауапты және шетелдік тасымалдаушылармен жіберілген әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы барлығы 1200 хаттама анықталып, жасалды. Шетелдік жеке және заңды тұлғаларға қатысты 58 млн. теңгеден аса сомаға айыппұл салынды. Нәтижесінде айппұл тұрағына ұстау себебі анықталғанға дейін 342 көлік құралы қойылды.
Автомобиль көлігімен айналысатын 46 шаруашылық жүргізуші субъектіге тексеру жүргізіліп, 6421 заңнамалық талаптардың бұзылуы анықталды.
Баяндаманы тыңдап шыққан өңір басшысы тиісті органдарға көліктік бақылау инспекциясының көтерген сұрақтарын қарап шығып, ұсыныстар енгізуді тапсырды.
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
COVID-19: АҚШ толық вакцина алғандарды ғана елге кіргізбекші, ал ДДҰ ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырды -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Қ.Көшербаев: Қаныш Сәтбаев халқына қызмет етуді бір сәтке болсын тоқтатқан емес -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Дәрігер: «Пандемияда науқасқа психологиялық қолдау көрсету де оңай емес» -
Қаржы министрлігі: Ұлттық қор трансферті, бюджеттің атқарылуы және шығыстар мен кірістер -
Бас анитар дәрігер: Вакциналау деңгейі баяу елдерде вирусты жұқтыру көрсеткіші артуда -
Өзен суымен қамтамасыз ету жұмыстары қалай жүріп жатыр