- Басты
- Жаңалықтар
- Сенатта Салық кодексі таныстырылды
Сенатта Салық кодексі таныстырылды
Бұл заң жобалары Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» Жолдауы және бес институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында әзірленген. Жобалардағы жаңалықтар салық саясатын жетілдіруге, салық әкімшілендірулерін жақсартуға, салық салу саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетулердің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Заң жобасын сенаторларға ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Руслан Дәленов таныстырды.
Оның айтуынша, жаңа Салық кодексінің идеологиясы адал салық төлеушіні қорғауға бағытталған. Ол салық төлеу барысында дау туындаған жағдайда түсінбеушіліктер мен дәлсіздіктерді салық төлеушінің пайдасына түсіндіретін болады.
Экономиканың түрлі секторларын ынталандыру мен әкімшілендіруді оңайлату да көзделіп отыр. Бірқатар түзетулер бизнестің салық заңнамасына енгізілетін өзгерістерден хабардар болуын арттыруға бағытталған.
Шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолданыстағы арнайы салық тәртіптері сақталатын болады. Мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында қаржылай емес қолдау түрінде алынатын салық салудан босату да қарастырылады.
Электрондық сауданы дамыту үшін электрондық сауда саласында алынатын корпоративтік және жеке табыс салығынан босату да көзделеді. Ынталандыру шаралары аграрлық, жер қойнауын пайдалану, қаржы және басқа салаларға да қатысты болады.
Қосымша баяндама жасаған қаржы министрінің орынбасары Қанат Баеділов мемлекеттік кіріс органдары салық төлеушілермен өзара айқын іс-қимыл орнату мақсатында заңдылық, тиімділік және әкімшілендіру тәуекелдеріне бағдарланған ұстанымдарға сүйенетінін атап өтті.
Салық тәртібін арттыру мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесі қайта қаралады. Салық төлеушілердің әртүрді санаттарына салық әкімшілендіруінің түрлі тәсілдері енгізіледі.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Салық заңнамасын жетілдіру: Саладағы өзгерістер -
Бюджет кодексі: өзгерістер мен түзетулер -
Көлік салығын есептеу мен төлеуде қандай өзгерістер бар -
Елордада Салық Зимановтың 100 жылдығы атап өтілді -
Салық және кедендiк әкiмшiлендiру: Енгізілген цифрлы технологиялар мен заңнаманы жетілдіру шаралары -
МКҚ: Салықтық әкiмшiлендipудi жеңiлдету, «көлеңкелі» экономика деңгейін төмендету мәселелері -
Жаңа Әкімшілік рәсімдеу-процессуалдық Кодексінен не күтеміз -
ШОБ-ты қолдау: салықтық ынталандыру, әкімшілік жүктемені азайту, қызметтерді электронды форматқа көшіру -
Елордада «Ұлы дала құндылықтарының» концепциясы таныстырылды -
Салық кодексіне қандай түзетулер енгізілмек