- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат комитетінде 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет қаралды
Сенат комитетінде 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет қаралды
Палатаның баспасөз қыметінен хабарлағандай, түзетулер еліміздің 2017-2019 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамының өзгеруіне және жыл басынан бастап салықтық түсімдер қарқынын нақтылауға байланысты әзірленген болатын. Заң жобасы Қазақстанның үшінші жаңғыруының міндеттерін іске асыруды жалғастыруға, мемлекет қабылданған міндеттемелерді қамтамасыз етуге бағытталған.
Еліміздің экономика саласындағы 9 айдағы даму қорытындылары мен әлемдік экономиканың ағымдағы ахуалын есепке ала отырып, 2017 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамы нақтыланды.
Ағымдағы жылдың басынан бастап экономикалық белсенділіктің жақсаруына байланысты ЖІӨ нақты өсімі 2,5 пайыздан 3,4 пайызға дейін ұлғаю жағына қарай қайта қаралды.
Ұлттық Банктің болжамы бойынша инфляция бекітілген 6,0-8,0 пайыз аралығында болжанып отыр. 2017 жылға арналған республикалық бюджет кірістерінің нақтыланған болжамы (трансферттер түсімдерінсіз) 4 952,8 млрд. теңге сомасында айқындалды немесе 60,8 млрд. теңгеге ұлғайды
2017 жылға арналған трансферттердің түсімдері 4,9 млрд. теңгеге ұлғая отырып, жалпы сомасы 4 656,3 млрд. теңге көзделуде. 2017 жылға арналған республикалық бюджет шығыстары нақтыланған бюджетпен салыстырғанда 1,0 млрд. теңгеге ұлғая отырып, 11 177,4 млрд. теңге сомасында көзделеді.
2017 жылға арналған республикалық бюджет тапшылығы 62,0 млрд. теңгеге азайтылды және 1 485,9 млрд. теңгені немесе ЖІӨ бағамының 2,9 пайызын құрайды.
Заң жобасы палатаның қарауына жіберілді.
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
БҚО: Жемқорлықпен күрес, бюджет қаражаты және «Е-асхана» жобасы -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті -
Қаржы министрлігі: Ұлттық қор трансферті, бюджеттің атқарылуы және шығыстар мен кірістер -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары -
Қаржы министрлігі: Бюджет шығыстары мен кірістері, мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік аудит -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды