ҚХР Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктесі – АШМ

8 Қараша, 2017 08:46
Қытай Халық Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің шақыруымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов жұмыс сапарымен Бейжіңге барды, деп хабарлады АШМ.

Жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов ҚХР Ауыл шаруашылығы министрі Хань Чанфу, ҚХР сапаны қадағалау, инспекциялау және карантині жөніндегі бас басқармасының төрағасы Ци Шупин және де қытайдың ірі компанияларымен екі жақты кездесу өткізді.

Кездесу аясында Қазақ-Қытай арасындағы ауыл шаруашылығы саласын дамыту, инвестициялық жобалар, органикалық және ветеринария саласын дамыту барысы талқыланды.

Қытай Халық Республикасы Қазақстан экономикасының сондай-ақ, агроөнеркәсіп секторының өсуі мен дамуында Қазақстанның маңызды стратегиялық әріптестерінің бірі болып табылады.

Сапар барысында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Сапаны бақылау, инспекциялау және карантин басқармасының басшысы Қазақстан Республикасынан союға жіберілген жылқы жануарларына арналған карантиндік және денсаулық сақтау туралы хаттамаға қол қойды.

Сонымен қатар, қазақстандық және қытайлық компаниялар арасында сауда саласында және агроөнеркәсіптік кешенге инвестициялар тарту бойынша ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге қол қойылды.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар