- Басты
- Жаңалықтар
- Атырауда 2018 жылы 220 шақырым жол жөнделеді
Атырауда 2018 жылы 220 шақырым жол жөнделеді
2017 жылы облыста 296,6 км жол салынды, оның 236,6 шақырымы Атырау қаласында. Облыс орталығында асфальттанған жолдың негізгі көлемі қала маңындағы селолық округтерге тиесілі.
Жексенбі, 5 қарашада Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қала маңы аумағындағы жол құрылысын тексерді. Атырау қаласының әкімі Серік Шапкеновтің айтуынша, жоспарланған жол көлемі аяқтала келген, құрылыс қараша айының алғашқы жартысында бітеді.
Сонымен қатар, 2017 жылы жалпы ауданы 21 800 шаршы метр автокөлік жолына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ұзындығы 220 км болатын 207 көшенің жол-құрылыс жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттама жасау үшін жергілікті бюджеттен 450 млн теңге бөлінген. Бұл жұмыстар 2018 жылы басталады.
-Көшелерді асфальттау жұмыстары елдімекеннің даму жоспарына сәйкес жүйелі түрде жүруі керек, - деді құрылыс қарқынымен танысқан аймақ басшысы. – Біздің міндетіміз халықты сапалы да жақсы жолмен қамтамасыз ету.
Нұрлан Ноғаев тексеру қорытындысымен жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр