- Басты
- Жаңалықтар
- Астананың 20 жылдығына арналған ең үздік логотиптің авторы 8 млн теңгеге ие болады
Астананың 20 жылдығына арналған ең үздік логотиптің авторы 8 млн теңгеге ие болады
Үздік логотипті сараптама комиссиясы 10 желтоқсанға дейін шығармашылық шеберханалар, жарнама агенттіктері мен фирмалар, суретшілер, сәулетшілер, жобалық ұйымдар, авторлық ұжымдардан түсетін жұмыстардың ішінен таңдап алмақ.
Аталмыш логотип Астананың 20 жылдығына арналған барлық іс-шараларда қолданылып, қала көшелерінде жарқырап, сувенир ретінде де пайдаланылатын болады.
«Конкурсты не үшін жарияладық дейсіз ғой?! Әр мерекенің, мерейтойдың өзіндік идеологиялық платформасы, өзіндік мәні болады. Республикалық, халықаралық деңгейдегі әр шараның таңбасы, ұраны болады. Ал ел тарихындағы Астананың орны ерекше. 20 жылдық оқиғаның тарихи маңыздылығын ескере отырып, осы оқиғаға арнап брендбукты таңдауға бағытталған конкурс жарияладық. Мерейтойлық стильдегі таңба қаланы әшекейлеу бұйымы ретінде, сувенир ретінде, Астана қаласының 20 жылдығын атап өту, ақпараттық себепті қалыптастыруға бағытталған жарнамалық, маркетингтік және басқа да шараларда әрі қаланың мәдени, туристік және әлеуметтік потенциалын жақсарту мақсатында да пайдаланылады», – деп хабарлады қала әкімдігі.
Айта кетейік, конкурс қорытындысы бойынша үздік деп танылған брендбук авторы 8 млн теңгеге ие болады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады